Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2505 0 пікір 13 Маусым, 2012 сағат 07:23

Сырым Дат. Аюдың араны ашылып келе ме?!

Арқанкерген оқиғасына қатысты іле-шала оның себебін аз-кем талдаған жорамалымыз жария болған еді. (Сырым Дат. Арқанкерген: Өркеннің тұспалын тереңдетсек.  http://old.abai.kz/content/syrym-dat-arkankergen-orkennin-tyspalyn-terendetsek )

Аталмыш оқиғаның тергелуі мен себебінің індетілуі тұйыққа тіреліп, ресми келтірімдер мен дәйектер, сценарийлер мамандарды былай қойғанда, қарапайым бұқараны сендіре алмауда.

Бұл оқиғаны көріпкелдікпен болжаудан гөрі, әрбір қылмыстың қасында жауабы мен айғағы болатыны секілді жайттарға көңіл аудару жеткілікті болмақ. Оқиға себебінің ашылуы тұйыққа тірелгенімен, мәселе ішкі немесе сыртқы саяси жайттарда екені көзге түсе бастады.

Өкінішке орай,  біз келтірген жорамалды көңіліміз сонша қаламаса да, сол оқиға қарсаңында және содан кейін бірінен соң бірі сол тұстағы көрші тарапынан болған жайттар тағы да амалсыз назарымызды бұрғызып отыр. Атап өтсек:

- Қазақстандағы жарияланған Аза тұту күніне Қырғызстан мен Беларус жақтан көңіл айтылып, Ресей тарапынан бұл оқиғаның еленбеуі;

- Ресейдің «жаңа» президентінің Қытай сапарынан келе жатып, «ресми сапармен» жолайы түрде Қазақстанға соға кетуі;

- сол қарсаңда Ресей тарапынан Сарышаған полигонына әскери зымыран жіберіп, әскери басымдық көрсету;

- сол қарсаңда Путиннің Ақтөбе мен Қостанай облыстарының жерін тұрғындарымен қоса жалға алу туралы ақпарат таратылуы;

- Ресей президентінің Қазақстанға АЭС  салып беруге келісіп, технологиялық өркениеті аса жетілген Жапония АЭС-тен бас тартуына қарамастан, ресейлік қатерлі технологияны тықпалауы;

- Артта қалған Ресейлік автоөндірісті Қазақстанға әкелуге келісуі т.т.

Аталмыш жайтты қарастырғанда, КСРО тарихында болған сталиндік басқыннан көрініс беретін біршама оқиғаларды тізбелеген белгілі түркиялық тарихшы, саясаттанушы Әбдіуақап Қараның «Сталиннің Түркияға жасаған қоқан-лоққысын Путин Қазақстанға қолдануда» (http://www.arasha.kz) атты мақаласы да назарды аудартып отыр.

Жалпы алғанда, Арқанкерген оқиғасы қазақ қоғамын мемлекетті басқаруға, оның саяси шешімдеріне көзқарас білдіріп, қажет жағдайда билікке рухани қолдау көрсетуден ұялмауы керек. Өйткені, Тәуелсіздік - ар мен ұяттан да жоғары категория, киелі құндылық. Тәуелсіздікті жоғалтпауға әрбір қазақтың үні қосылғанда, әр қазақтың күші біріккенде соншалықты көлемде болмақ. Қалғанының бәрі байбалам мен көбік сөз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475