Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2257 0 пікір 13 Маусым, 2012 сағат 07:42

Әбдіуақап Қара. Сталиннің Түркияға жасаған Қоқан-лоққысын, Путин Қазақстанға жасауда

Ресей Президенті Владимир Путин 2012 жылы, 7 маусым күні Қазақстанға ресми сапармен барған күні Қазақстандағы нысанаға Ресейдің стратегиялық зымыраны атылды. Осы құрылық аралық зымырандық қару сынағының Путин ресми сапар үшін Астанада болған сәтке дөп келтірілуінің саяси сарапшылар кездейсоқ еместігін, оның Ресейдің Қазақстанға сес көрсетуі екенін айтуда.

Ресейден Қазақстандағы нысанаға атылған құрылықаралық зымыран түнде Түркия, Израил, Армения, Лиуия және Қавқазия елдеріне беймәлім сәуле ретінде көзге түскен де адамдар оны НЛО деп ойлап үрейленген. Осыған қоса Путин Қазақстанға барған күні, яғни 2012 жылы, 7 маусым күні Ресейдің ықпалды газеттерінен Известия газетінде шыққан бір мақалада, Путиннің осы сапары кезінде Назарбаевтан Қазақстанның Актөбе мен Қостанай облыстарын халқымен бірге жалға сұрайтыны да атап өтілді. (Бұл туралы қараңыз: http://www.izvestia.ru/news/526760) Мақалада келтірілуінше, Ақтөбе және Қостанай облыстарын жылдық 460 мың доллар бағамен халқымен қоса жалға алынады екен. Аталған облыстар Ресейдің Ғарыш агенттігі тарапынан ғарыштан қайтқан зымыранның қалдықтарын тастау үшін қолданылады екен.

Ресей Президенті Владимир Путин 2012 жылы, 7 маусым күні Қазақстанға ресми сапармен барған күні Қазақстандағы нысанаға Ресейдің стратегиялық зымыраны атылды. Осы құрылық аралық зымырандық қару сынағының Путин ресми сапар үшін Астанада болған сәтке дөп келтірілуінің саяси сарапшылар кездейсоқ еместігін, оның Ресейдің Қазақстанға сес көрсетуі екенін айтуда.

Ресейден Қазақстандағы нысанаға атылған құрылықаралық зымыран түнде Түркия, Израил, Армения, Лиуия және Қавқазия елдеріне беймәлім сәуле ретінде көзге түскен де адамдар оны НЛО деп ойлап үрейленген. Осыған қоса Путин Қазақстанға барған күні, яғни 2012 жылы, 7 маусым күні Ресейдің ықпалды газеттерінен Известия газетінде шыққан бір мақалада, Путиннің осы сапары кезінде Назарбаевтан Қазақстанның Актөбе мен Қостанай облыстарын халқымен бірге жалға сұрайтыны да атап өтілді. (Бұл туралы қараңыз: http://www.izvestia.ru/news/526760) Мақалада келтірілуінше, Ақтөбе және Қостанай облыстарын жылдық 460 мың доллар бағамен халқымен қоса жалға алынады екен. Аталған облыстар Ресейдің Ғарыш агенттігі тарапынан ғарыштан қайтқан зымыранның қалдықтарын тастау үшін қолданылады екен.

Мақалада айтылғанындай, бұл облыстар осы мақсатта Ресей тарапынан 2007 жылға дейін қолданылып келіпті. Бірақ 2007 жылы қыркүйек айында зымыран Протон апатынан кейін Қазақстан оны бір жақты тоқтатқан. Сонымен қатар Ресейден сол апаттың Қарағанды аймағына келтірген экологиялық және экономикалық зарар-зияндары үшін 61 миллион доллар айып пұл төлеуін талап еткен.

Осыдан кейін Ресей Ғарыш агенттігінің зымыран ұшырауға сұраған ұлықсаттарын Қазақстан қабылдамаған. Ол үшін жаңа бір келісім жасаудың тиістігі білдірілген. Бірақ Ресей жағы жаңа келісім шарт жасаудан бас тартқан.

Міне осындай жағдайда Ресей Президенті Путиннің Известия газетінде Назарбаевтан Актөбе және Қостана облыстарын халқымен бірге жылдық 460 мың доллар құнмен арендаға сұрайтыны айтылған Астана сапарында құрылықаралық зымырандық қарудың Қазақстандағы нысанаға атылуы осы және басқа да талаптардың Қазақстан тарапынан қанағаттандырылуы үшін қоқанлоққылық жасау ретінде тұжырымдалуда.

Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан риза емес екенін президент болып сайланғаннан кейін алғашқы Орталық Азиялық ресми сапарын осы үстіміздегі маусым айының 4-і күні Өзбекстанға жасау арқылы да байқатқан еді. Путин және Медведев бұдан алдын президент сайланғаннан кейін, Орталық Азияға барған сапарларында Қазақстанды бірінші орынға қоюға мән беретін. Осы үрдістің өзгертілуі Путиннің Орталық Азияда Қазақстанды екінші орынға ысырғандығының ишарасы деп бағалануда.

Путин 6-7 маусым күндері өткізілетін ШЫҰ-ның жоғары дәрежелі кездесуіне қатысу үшін Пекинге бара жатып жолай Ташкенге атбасын бұрып осы жерде жарты күн аялдап Өзбекстан Президенті Ислам Кәримовпен кездескен еді.

Осы кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен перпективалары, аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық және 2014 жылы халықаралық коалициялық күштердің Ауғанстаннан шығып кетуінен кейін заңсыз нашалық заттар саудасы мен лаңкестік қатерлердің ең төменгі деңгейге түсірілуі мәселелері қолға алынды.

Кәримов пен Путин, осы кездесуден соң, Ресей мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік байланыстарының тереңдетілуі туралы мәлімдеме мен Өзбекстанның ТМД елдері арасындағы еркін сауда аймағына қатысуына байланысты екі жақты түсініктеме меморандумына қол қойды.

Ресей президенті Владимир Путиннің Астана сапарында Қазақстандағы нысанаға зымырандық қару атылуымен жасалған қоқанлоққылық тек Ресей Ғарыш Агенттігінің мұқтаж болып отырған зымыран ұшыру мен зымыран қалдықтарын тастау үшін қолданылатын Актөбе мен Қостанай облыстарына қана қатысты болмауы әбден ықтимал.

Ресей туралы зерттеулерімен танымал Иляс Қамаловтың анықтағанындай, Ресейді жаһандық күшке айналдыруға кіріскен Путин осы мақсатына жету үшін алдымен жақын шетелдерді уысына қондыру керектігін ойлауда сондай-ақ жақын шетелдермен байланыстарын күшейтуді және олардың Ресейден өзге елдермен байланыстарын шектеуді қалауда. Осы мақсат турасында алғашқы қадамын жасап отырған Путин Назарбаевқа сес көрсетумен тек ғарыштық мәселелерде емес, халықаралық байланыстарда да аяғын аңдып басуы үшін ескерту жасап Ресейдің талап-тілектеріне мойынсұнбаған жағдайда күш қолданудан тартынбайтынына меңзеген болып отыр.

Ресей КГБ-ның бұрынғы бастығы Путиннің Ресеймен шынайы достық қарым-қатнаста болып келе жатқан Қазақстанға осылайша дипломатиялық әдеп пен сыпайылықтан озған бір жақты ескерту методикасы 1945 жылы сол кездің Кеңес Одағы жетекшісі Сталиннің Түркияға жасаған қоқанлоққылығын еске түсіруде.

Ататүрік пен Ленин 1921 жылы, 16 наурыз күні жасаған Мәскеу келісімімен негізі қаланған түрік-кенес достығын Сталин 1945 жылы бір жақты жойып Түркиядан Қарс және Ардахан қалаларын сұраған сондай-ақ Босфорыстан әскери база талап еткенін Анқараға білдірген еді.

Бірақ оның бұл талаптары керісінше нәтиже берді де, Сталиннің қоқанлоққылықтары Түркияны Батыс елдеріне көбірек жақындатып жіберді. Батыстың ашық түрде Түркияның қасынан табылуы Сталиннің зорлық-зомбылығын іске асыруына кедергі болды. Сталин өлгеннен кейін Кеңес үкіметі, 1953 жылы, 30 мамыр күні Анқараға бір нота жіберіп "Кеңес Одағының Түркиядан әрқандай бір жер талабы болмағандығын мәлімдейміз" деуге мәжбүр болды. Сөйтіп Сталинін ашық түрде тілге тиек еткен талаптарынан Мәскеу көп ұзамай айныған еді.

Арадан қаншама жыл өткенімен осы ұятсыз талап пен қоқанлоққылық Кеңестік дипломаттардың ар ождандарында мазасыздыққа себеп болып жүрген болса керек, Тұрғыт Өзал уақтында түрік-кеңес байланыстары жаңа бір достық кезеңіне көтерілгенде, олар осы жағдайдан ұялып бұл мәселе туралы әңгімелесуді қаламайтындықтарын айтқан. 1986 жылы, 20 шілде күні Миллиет газетіндегі мақаласында М. Әли Бирандтың келтіруі бойынша, Кеңестік ресми қызметкерлер түрік журналисттеріне бір кездері Сталиннің Түркиядан жер-қала сұрауының үлкен қателік болғанын, мұны ұмытуды және бұл мәселе туралы сөйлеспеуді қалайтындықтарын атап өткен.

Қазіргі таңда, Сталиннің Түркияға қарата жасаған осы қателігін 67 жыл өткеннен кейін Путин Қазақстанға жасауда. Мұндай қоқанлоққылықтар мен негізсіз талаптар өтмісте табысқа жеткен жоқ, бүгінде табысқа жетпек емес. Бірақ мұндай араны ашылған талаптар әлемде жаңа керістіктер мен топтасуларға себеп болады. Бәлкім Қазақстанды да Түркияның бағытын ұстануға мәжбүр етіп оны Батыс елдеріне көбірек жақындата түседі.

Стамбұл қаласы

«Абай-ақпарат»

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475