Сенбі, 23 Қараша 2024
2899 0 пікір 6 Қыркүйек, 2021 сағат 16:53

Каддафидің ұлы түрмеден шықты

Ливия билігі бұрынғы көсем Муаммар Каддафидің ұлы Саади Каддафиді босатты.

Жеті жыл түрмеде отырған Саади бостандыққа шыққаннан кейін бірден Стамбулға ұшып кеткен. Каддафидің ұлын босату тайпалардың жоғарғы өкілдері мен премьер-министр Абдулхамид Дбейбе қатысқан келіссөздердің нәтижесінде іске асты. Келіссөздерге бұрынғы ішкі істер министрі Фатхи Башага да қатысқаны анықталды.

Саади Каддафи НАТО қолдауымен көтеріліс кезінде Нигерге қашып кетті, бірақ 2014 жылы Ливияға экстрадицияланды және содан бері Триполиде түрмеде отырған еді. Ол 2011 жылы демонстранттарға қарсы қылмыс жасады және 2005 жылы Ливия футболының жаттықтырушысы Башир әл-Ряниді өлтірді деп айыпталған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377