Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Билік 2915 0 пікір 6 Қыркүйек, 2021 сағат 18:16

Нұрлан Нығматулин Венадағы парламенттер спикерлерінің Бесінші Дүниежүзілік конференциясына қатысады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған парламенттік делегация 6-8 қыркүйек аралығында Вена қаласында өтетін Бесінші Дүниежүзілік парламенттер спикерлерінің конференциясына қатысады.

Парламентаралық Одақ, Австрия Парламенті БҰҰ-мен өзара іс-қимыл кезінде ұйымдастырған форумда парламентшілер, атап айтқанда, пандемиядан кейінгі даму, оның ішінде климаттың өзгеруімен күресу және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін экономиканы реформалау туралы пікір алмасады.

Парламент өкілдері көпжақты қатынастарды нығайту, бейбітшілік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін диалог, өзара түсіністік және ынтымақтастық қағидаттары негізінде негізгі парламенттік іс-қимылдарды анықтайды. Осы тақырыпта өткізілетін интерактивті жалпы пікірталастарда Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің сөз сөйлеуі жоспарланған.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулиннің Еуропа және Азия парламенттерінің, халықаралық парламенттік ұйымдардың басшыларымен, сондай-ақ ұлттық делегациялардың өкілдерімен екі жақты кездесулері қарастырылған.
Парламент спикерлерінің әрбір бес жыл сайын өткізілетін Дүниежүзілік конференциясы қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму, халықаралық құқық және адам құқықтары, демократия және гендерлік теңдік мәселелерін талқылауға арналады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 971
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2483
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 673
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 645