Сенбі, 23 Қараша 2024
Саңлақ 6425 5 пікір 8 Қыркүйек, 2021 сағат 14:26

Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш орнатылды

Елордада Мәскеу Олимпиадасының чемпионы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш орнатылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Ескерткіштің ашылу рәсіміне Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, бокстан Олимпиада ойындарының жеңімпазы Данияр Елеусінов арнайы қатысты.

2019 жылы ашылған Жекпе-жек сарайына былтырғы жылдың желтоқсан айында Жақсылық Үшкемпіровтың есімі берілген болатын.

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров-грек-рим күресінің палуаны, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1980). Әлем чемпионы. «Құрмет белгісі» орденінің иегері.

Кәсіпкер ретінде мал шаруашылығын дамытып, бір ауылға шарапатын тигізіп, талай жасты жұмыспен қамтыды.

2020 жылдың тамыз айында 70 жасқа қараған шағында Жақсылық Әмірәліұлы дүниеден өтті.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357