Біркүндік фирмалар өткен жылы 110,5 млрд. теңге мөлшеріндегі салықты төлемеген
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - 270 біркүндік фирмалар өткен жылы 110,5 млрд. теңге мөлшеріндегі салықты төлемеген.
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында 2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті талқылау барысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев осылай мәлім етті.
«Жалған кәсіпорындар саны бүгінгі таңда 1 мыңнан асып кетті. Жалған шот-фактураларды пайдаланған 270 бір күндік фирма өткен жылы 110,5 млрд. теңге мөлшеріндегі салықты төлемеген. Осы жалған фирмалардың саны 2010 жылмен салыстырғанда 23 пайызға артқан»,- деді Омархан Өксікбаев.
Оның айтуынша, жүздеген миллиард теңге зиян шеккеніне қарамастан Үкімет бұл бағытта өзінің шарасыздығын танытып отыр. Соның салдарынан осы жалған фирмалар бойынша мемлекетке өндіріп алудан күдер үзілген салық берешегінің мөлшері 22,8 млрд. теңгеге өсіп, 164,9 млрд. теңгені құрады.
«Бұл бағытта Ұлттық банкінің де олқы саясатын айта кету керек. Оны тек екінші деңгейлі банктердің ыңғайында көну жолында демеске болмайды. Бұған дәлел 2011 жылы экономикадағы қолма-қол ақшаның айналымы шамамен 1,5 трлн. теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 153 млрд. теңгеге артқан», - дейді Есеп комитетінің төрағасы.