Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2649 0 пікір 14 Маусым, 2012 сағат 10:42

Қырғыз арнайы қызметі мүфтиятты айыптады

Қырғызстанның арнайы қызметі елдегі жоғарғы діни орган - мүфтиятты қырғыз балаларын Бангладештегі діни медреселерге заңсыз түрде жөнелтіп жатыр деп айыптады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты бойынша, Нарын облысында соңғы бір жылда жоғалған 10-15 жастағы бірнеше бала шетелге діни оқуға жіберілген болуы мүмкін. Қауіпсіздік қызметі бұған Бішкектің орталық мешіті мен "Таблиғи Жамағат" ұйымының да қатысы бар дейді. Бірақ мүфтият пен мешіт басшылығы әзірге айыптауларға ресми түрде түсінік берген жоқ.

Нарын облысы басшылығы соңғы жылдары бірнеше баланың жоғалып кеткенін растады.

Арнайы қызмет бұл іс бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді. Бірақ қылмыс жайлы егжей-тегжейлі айтудан бас тартты.

Дереккөз: аzattyq.org

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1056
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2603
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 739
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 700