Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3331 0 пікір 14 Маусым, 2012 сағат 10:46

"Арқанкерген" оқиғасы тергеуін бақылайтын қоғамдық комитет құрылды

Бейсенбіде Алматыда "Арқанкерген" шекара постындағы оқиғаны тергеу барысына бақылау жасайтын тәуелсіз қоғамдық комитет құрылды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, комитет құрамына театр режиссері Болат Атабаев, "Аман саулық" қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова, азаматтық белсенді Георгий Архангельский, заңгер Сергей Уткин және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Комитетті құрушылардың баспасөз жиынында мәлімдеуінше, комитет шекара постында 30 мамырда болған оқиғалардың шынайы түрде тексерілуіне көмектеспек. Жиынға Владислав Челахтың атасы Владимир Челах та қатысты.

30 мамыр күні Алматы облысы Алакөл ауданындағы «Шығыс» аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының "Сарыбөктер" заставасына қарасты "Арқанкерген" постында 14 шекарашы мен бір қорықшы өлі күйінде табылған еді. Бас прокуратура өкілі бірнеше күннен соң табылған тірі қалған жалғыз шекарашы Владислав Челах әскери қызметтестерін "өзі өлтіргенін мойындады" деп хабарлаған. Челахтың туыстары бұл айыптауға сене алмайтындарын мәлімдеді.

Дереккөз: azattyq.org

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1011
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2552
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 705
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 675