Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2208 0 пікір 15 Маусым, 2012 сағат 08:45

Мәсімов үкіметінің мәнісі қалмаған сияқты

Әл-дәрмені құрыды, қайраты қайтты, мағдыры таусылды, шамасы жоқ, күйреді деген (т.б.) сөздердің бай қазақ тіліндегі баламасының бірі «мәнісі қалмады» болса керек. Сонымен кезекті рет «Мәсімов Үкіметінің мәнісі қалмаған сияқты» деп отырмыз. Бірақ, Мәсімов Үкіметі ұрған сайын семіретін борсықтай сынаған сайын, «әне-міне отставкаға кетеді» деп болжам айтқан сайын керігіп арқасын кеңге сала түсуде. Бұл жолы да сол баяғы «сценарий» қайталанар ма екен, әлде, «күтпеген жағдай» орын алады ма, белгісіз: енді Үкіметтің толық құрамымен отставкаға аттануын Парламент депутаттары талап етуде. Өткен жылдың бюджетін қаншалықты игергені туралы Үкімет есебін тыңдаған депутаттар осындай шешімге келіп отырған сыңайлы. Депутаттардың «дүрлігетіндей» де жөні бар. Өйткені, елімізде қаражат мол, сөйте тұра сол мол қаржының қажет жеріне оннан бірі ғана жетеді екен. Сөйтіп ондаған миллиард теңге иегрусіз қалатын көрінеді. Бұл жайт жылдан жылға қайталануда, ал, Үкімет болса, жайбарақат қана жұмысын жалғастыра беруде. Мысалы, былтырғы жылы игерілмеген қаржының көлемі 80 миллиард теңгеге жетіпті. «Мен қалай болғанда да Үкіметтің қаржылық есебінің бекуіне дауыс беремін.

Әл-дәрмені құрыды, қайраты қайтты, мағдыры таусылды, шамасы жоқ, күйреді деген (т.б.) сөздердің бай қазақ тіліндегі баламасының бірі «мәнісі қалмады» болса керек. Сонымен кезекті рет «Мәсімов Үкіметінің мәнісі қалмаған сияқты» деп отырмыз. Бірақ, Мәсімов Үкіметі ұрған сайын семіретін борсықтай сынаған сайын, «әне-міне отставкаға кетеді» деп болжам айтқан сайын керігіп арқасын кеңге сала түсуде. Бұл жолы да сол баяғы «сценарий» қайталанар ма екен, әлде, «күтпеген жағдай» орын алады ма, белгісіз: енді Үкіметтің толық құрамымен отставкаға аттануын Парламент депутаттары талап етуде. Өткен жылдың бюджетін қаншалықты игергені туралы Үкімет есебін тыңдаған депутаттар осындай шешімге келіп отырған сыңайлы. Депутаттардың «дүрлігетіндей» де жөні бар. Өйткені, елімізде қаражат мол, сөйте тұра сол мол қаржының қажет жеріне оннан бірі ғана жетеді екен. Сөйтіп ондаған миллиард теңге иегрусіз қалатын көрінеді. Бұл жайт жылдан жылға қайталануда, ал, Үкімет болса, жайбарақат қана жұмысын жалғастыра беруде. Мысалы, былтырғы жылы игерілмеген қаржының көлемі 80 миллиард теңгеге жетіпті. «Мен қалай болғанда да Үкіметтің қаржылық есебінің бекуіне дауыс беремін. Егер Үкіметтің есебі бекімесе, ол - отставка» , - дейді атқарушы билікте лауазымды қызмет атқарған бүгінгі Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова.  Әйткенменде, Мәсімов Үкіметінің жұмысына түсіністікпен қарау, көңілшектік таныту өзге депутаттардың тарапынан болмайтын секілді. Министрлер кабинетінің тарауын табанды түрде талап етіп жүрген депутат Косарев: «Үкімет қазақстандықтардың сенімін көптен бері ақтап келе жатқан жоқ, сондықтан оны отставкаға жіберу керек», - дейді.
Естеріңізге сала кетейік, Праламенттің Үкіметті отставкаға жіберуге толық қақы бар. Парламент депутаттары осы мүмкіндіктерін келесі жұмада заң шеңберінде қарастыруға уғадаласып отыр.

Өткен сейсенбіде Президент Назарбаев қазіргі Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовты қабылдап, одан елдің шаруа-жайын сұраған болатын. Осы кездесуде Елбасы алдағы қысқа дайындық пен өзге де маңызды істерді тексеретінін білдіргенде Премьер-министр оған Парижде Қазақстанның «Ехро-2017» көрмесін өткізу туралы тапсырмасының таныстырылымы болғанын, таныстырылым Қазақстан Президентінің бейнеүндеуімен басталғанын айтып әдеттегідей миығынан күліп отырған еді...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443