Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3321 0 пікір 15 Маусым, 2012 сағат 10:33

ҰБТ ӨЗIН-ӨЗI АҚТАДЫ МА?

Мектеп түлектерi үшiн маусым айы қарбаласқа толы. Бiрi ұлттық бiрыңғай тестiлеуден төменгi балл жинаса, ендi бiрi 11 метрлiк «шпаргалкамен» ұсталып ұятқа қалды. Ал Астана және Шымкент қаласының ата-аналары мен жүрегi лүпiлдеген түлектерi iшкиiмге дейiн тексердi деп жыларман болды. Ол ол ма, Оңтүстiк Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Қызылжар ауылындағы мектеп директорының орынбасары талапкерге «жоғары балл алуға көмектесемiн» деп 450 мың теңге пара алған.
Ал Білім және ғылым министрлігінің мамандары болса, биылғы қатаң талап түлектердің білімін нақты айқындап берді дегенді айтады. «Бұған дейін 120 балл жинап келген облыстар мен аудан түлектерінің бет-пердесі ашылып, жоғары оқу орындарына тек білімділер ғана жолдама алады», - дейді олар. Шынында да, биылғы ҰБТ-ның нәтижесі көңіл көншітерлік емес. Бүгінге дейін жоғары межелі 125 баллды мектеп түлектерінің үшеуі ғана жинаса, ал 10 756 түлек қана 100 баллдан асырған. Соңғы қорытындысы ертең белгілі болмақ.
Жалпы, қолданысқа енгеніне тоғыз жыл болған ҰБТ өзін-өзі ақтады ма? ҰБТ керек пе? Міне, осы сауалдар төңірегінде Білім және ғылым министрлігі өкілдері мен ұстаздар қауымы пікір алмасты. Олардың әңгіме ауанына қарасақ, биылғы ҰБТ өз деңгейінде, нағыз сынақ түрінде өткен сияқты. Ендігі кезекті мамандардың пікіріне беріп көрелік.
Тамара Шакирова, №6 кәсіптік лицейдің директоры:

- Ең алдымен рейтинг дегенді қою керек. Рейтингті қоймай ҰБТ-ның сапасы көтерілмейді. Мектеп директорлары «біздің түлектер қалай тапсырады, қанша пайызы жақсы немесе төмен тапсырады екен» деп уайымдайды. Бұл дұрыс емес. Білімнің сапасын көтереміз десек, рейтингті құрту керек. Себебі рейтинг қуған директорлар: «Балаңыз ҰБТ тапсырмай-ақ қойсыншы», - деп ата-ананың басын қатырады. Сөйтіп өзіміздің қаракөздерге көп қиянат жасап жатырмыз. Ауылға білікті мұғалімдер бармайды. Маман жетіспейді. Сынақта ауыл балаларының білім деңгейі 50 баллдан аса алмағаны сондықтан.
Сансызбай Мәдиев, Білім және ғылым министрлігінің өкілі:
- Министрлік негізі рейтингке мән бер­мейді. Ол жергілікті жерлерде ғана. Министр бізге «ҰБТ тапсыруға келген баланы туған балаңдай кіргізіп, шығарып сал» деді. Тіпті ұялы телефонмен кіргендерді де бас салып шығарып жібермеуді тапсырды. Әрине, кемшілік болады. Сондықтан да біз талқыға салып келеміз.
Ирина Кузьмина, №79 мектеп директоры:
- Неге мұндай дау-дамай орын алуда? Кез келген жаңа инновация оқу жылы аяқталған кезде емес, қыркүйекте енгізілуі керек. Біз бұл уақытта моральдық, психологиялық тұрғыдан дайын боламыз. Бәрін қайталаймыз. Ал бірақ бәрі оқу жылы соңында белгілі болады. Әрине, бұл кезде қарсы реакция байқалады. Неге тест сұрақтарының базасы жарияланбайды? Бұл кез келген елде құпия емес қой. Қайта оқушы сол сұрақтар арқылы талай еңбекті ақтарады, тарихты біледі. Осыдан бес-алты жыл бұрын түлектердің 60 пайызы 9-сыныптан кейін колледжге кетсе, бұдан былай олар мектепте қалады. Есесіне ҰБТ бойынша көрсеткіш күрт түсіп кетеді. Өйткені олар тапсыра алмайды. Олар 10-11 сынып бойы мемлекеттің мойнында отырады. Сонда олар не істейді? Жұмыссыздықтың көкесі сонда болады. ЖОО түспегеннен кейін ешкімге керек болмай қалады.
Рахима Сәкенова, Ш.Уәлиханов атындағы №12 гимназия директоры:
- ҰБТ-ның еш қиындығы жоқ. Тиянақты оқитын бала алып шықты. «Сұрақтар қиындатылды, жаңадан қосылып жатыр» дейді. Ештеңе де өзгертілген жоқ. Бәрі де оқулықтан алынған. Қайсы мектеп әрбір апта сайын сынақ алып отырды, балаларды психологиялық жағынан дайындады, міне, солар жоғары балл алып шықты. Қазір шу көтеріп жүрген кімдер? Олар бұрын басқаша жолдармен жоғары балл алып кеткен аймақтар. Алматының бағы енді ашылды деп айтар едім. Алматы білім орталығы екенін дәлелдеп, ҰБТ бойынша бірінші орында келеді. Ақын Олжас Сүлейменов бір сұхбатында: «ҰБТ - «полечудес» депті. Олай емес. Неге? 11 жыл бойы оқыған бала бар болғаны ҰБТ-да білімін тиянақтап шығады. Сынақты осылай тапсырған дұрыс. Сонда баяғыдай жемқорлық та болмайды. Меніңше, ҰБТ осы қалпында қалу керек. Ата-ана баласын қалай оқытады оған қарсы болмау керек. Сондықтан жоғары білімге ұмтылу дұрыс шығар.
Исабек Жанашев, Ұлттық тестілеу орталығының өкілі:
- ҰБТ-ға халық та, ата-ана да, балалар да үйреніп келеді. Биыл министрлік барлық жерде қатаң талап қойды. Тексерсін. Бірақ бір түсінбейтінім, неге ата-ана өзінің баласын қолайсыз жағдай жасауға итермелейді? Ата-ана сынақ тапсыруға кетіп бара жатқан баланың қалтасында не бар екенін біледі. Өзі салып беріп отыр. Сосын қазір бір баланың жанында бес адам жүреді. Оларға баланың ойлаған мақсаты емес, өзінің мақсатына жету маңызды. Ақпарат құралдарында қыздарды қатаң тексерді деп жатыр. Қарамаса болмайды. Министрдің өзі «балаларды «шпаргалкамен», ұялы телефонмен ұстасаңдар да сүйреп шығармаңдар. ҰБТ тапсыра берсін» деді. Педагог ретінде баланың таңдау мүмкіндігінің көбейгеніне қуанамын. ҰБТ керек нәрсе. Бүкіл әлем осы жүйені таңдап жатқанда одан қаша алмаймыз.
Жанар Мұхамедиева, Ш.Уәлиханов атындағы №12 гимназияның математика пәні мұғалімі:
- Қалалы жерде онсыз да камера бар, тексеру бар. Біздің балалар ұялы телефон алып кірмейді. Ауылдық жерде де сондай тексеріс болды. Шудың болғаны да содан. Ауылдағылар сол тәсілге үйреніп қалған. Психологиялық жағынан дайын болған бала жоғары балл алады. Адам болғаннан кейін қобалжу болады. Сынақ тапсырған түлек «Осы менің тағдырымды шешеді» деп ойлайды. Бір жағынан ата-ана, екінші жағынан мұғалім, сосын өзіне деген сенімсіздігінен сасады. Әлі күнге ауылды жерде шпаргалкаға, телефонға сеніп жүр. Министрліктің қатаң бақылауы әділдікті орнатты.
Алтын Мәлікқызы, №173 лицей директоры:
- Рейтингтен қорқатын ештеңе жоқ. Анализ болу керек. Қорқатын ештеңе жоқ. Рейтинг бойынша былтырғы жылы да, биыл да екінші орын алдық. Кім қаншалықты оқыды, нақты бағаларын алып шықты. Меже болу керек. Соған ұмтылу керек. Бізден 110 түлек бітірсе, оның 34-і халықаралық грантты жеңіп алды. Бізге ҚБТУ, IT оқу орны 50 пайыздық жеңілдік жасайды.
Әли Ақылтаев, №173 лицей түлегі, 123 балл жинаған:
- Баланың өзінің базасы болмаса, бір жылда бес пәнді игеру мүмкін емес. «Алтын белгіге» де, үздік аттестаттан да үміткер емеспін. Бірақ бірінші сыныптан бастап жинаған біліміме сендім. Мүлдем қобалжыған жоқпын. 100 пайыз сенімді болдым. Осы жолы ҰБТ-ның әділ болғанына қуандым.

Мамандардың пікірі ҰБТ өз жүйесіне енді түсті дегенге саяды. «Өйткені биылғы сынақ әділ, таза өтті» дейді олар. Шын мәнінде, бізге керегі де жемқорлықтың жойылғаны. Сонда ғана елімізде білім сапасы жоғарылай беретіні сөзсіз.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

«Түркістан» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437