Инга Иманбай: «Болат Атабаев пен Жанболат Мамайды Жаңаөзенге алып кетті»
Өткен аптада «Рух пен Тіл» клубының жетекшісі Жанболат Мамай мен «Ақсарай» театрының негізін қалаушы Болат Атабаевтың қолына кісен түсті. Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері Жаңаөзен қаласында әлеуметтік араздықты қоздырды деген желеумен екі белсендіні екі айға абақтыға жапқан. Қаңтар айында аталған екі азаматтың Алматы қаласының аумағынан алыстамауы заңмен міндеттелген еді. Маусымның 15-і күні ешқандай ескертусіз келген ҰҚК қызметкерлері Жанболат Мамай мен Болат Атабаевты түрмеге тоғытқан соң, оларды қорғау жөнінде «Араша» комитеті құрылды. Осы орайда, «Рух пен тіл» клубының белсендісі Инга Иманбайдың пікірін білген едік:

- 15 маусым күні Жанболат Мамай 24 жасқа толған. Сол күні таңғы сағат 10 шамасында еш ескертусіз келген ҰҚК қызметкерлері Болат Атабаев екеуін абақтыға жапты. Бұл туралы екі белсендінің адвокаттары мүлде естімеген. Яғни, оларды еш ескертпестен абақтыға жабу туралы бұйрық 14 маусым күні шығып қойған екен. Шешім шығарған Алмалы аудандық соты. Осыған орай, Болат Атабаев пен Жанболат Мамайды қорғау мақсатында тәуелсіз комиссия құрылды. Комиссияға Төлеген Жүкеев басшылық етеді. Сондай-ақ, «Рух пен Тіл» клубының мүшелері ҰҚК ғимаратының алдында Жанболат пен Болат Атабаевқа бостандық сұрап, пикет өткізді. Шеруге де шықтық. Осыдан соң, адвокаттар аппелицияға жүгінген. Себебі, оларға міндетті түрде қорғалушыларының қамалатыны туралы ескерту керек еді. Алайда, аппеляция қаралмай жатып, Болат Атабаев пен Жанболат Мамайды Жаңаөзенге алып кетіпті. Бүгін қандай да бір керек-жарақ заттарын өткізуге барсақ, осындай жауап алдық. Заң бойынша, аппеляция қаралмай жатып, оларды қала аумағынан алып кетуге рұқсат жоқ. Өкініштісі , ҰҚК қызметкерлерінің өзі заңды белшесінен басып отыр...
Сурет «Azattyq.org» сайтынан алынды.
«Абай-ақпарат»