Дың Шияу пиң. Ізабасарларды ұқыптылықпен таңдау керек
(Бұл - Дың Шияу пиңнің орталықтағы партия, үкімет, әскери органдардың орынбасар министр дәрежеден жоғары кадрлар мәжілісінде сөйлеген сөзінен. 02.11.1979ж)
Кадрлардың тұрмыстық игілігі мәселесін шешуде алдымен жоғары дәрежелі кадрлардан бастауға тура келеді. Ал ізбасарларды таңдау ісі жоғары дәрежелі кадрлармен тіпті де қатысты.
(Бұл - Дың Шияу пиңнің орталықтағы партия, үкімет, әскери органдардың орынбасар министр дәрежеден жоғары кадрлар мәжілісінде сөйлеген сөзінен. 02.11.1979ж)
Кадрлардың тұрмыстық игілігі мәселесін шешуде алдымен жоғары дәрежелі кадрлардан бастауға тура келеді. Ал ізбасарларды таңдау ісі жоғары дәрежелі кадрлармен тіпті де қатысты.
Қазір еліміз тап болып отырған келелі мәселе, төртті осы замандандырудағы ұстаным, мен бағыттың дұрыс-бұрыстығы емес, осы ұстаным мен бағытты жүзеге асыратын қабылеттілердің тапшылығы болып отыр. Дүниедегі бар істі адам істейтіні, бір топ қабылеттілер болмайынша, ісіміз табысқа жете алмайтыны айдан-ашық қағида. Сондықтан төртті осы замандандырда біз бір топ жарамды қабылеттілерді жедел тәрбиелеп және таңдап шығуымыз керек. Бұл - жаңа тақырып. Сондай-ақ сақа жолдастар мен жоғары дәрежелі кадрларға жүктелген міндет. Бұл міндет, атап айтқанда, ізбасарларды ұқыптылықпен таңдау болып табылады. Сақа кадрлардың көбі 60 жас мөлшеріндегі адамдар. 60-тан асқандары көбірек болса керек. Олардың қалай да зейін-қуаты қайтып қалды. Әйтпесе, кейбір жолдастардың істі үйлерінде істейтіндері қалай? 8 сағаттық жұмысты кеңседе отырып істемейтіндері қалай? Осы отырған жолдастарымыздың ішінде кеңседе сегіз сағат отыра алатындары шынында бар. Олардың тең жартысын ұстайтындығына күмәнданамын. Сақа жолдастарымыздың тәжірибесі мол. Алайда, олар зейін-қуат жағында өздерін шамалай білгендері жөн. Мен өзімді алып айтсам, зейін-қуатым өткендегіден көп нашарлап кетті. Бір күнде түстен бұрынғы, түстен кейінгі қимылдарыма қатынаса аламын. Кеште тағы да қатынасуға шамам келмейтіндей тұрады. Бұл - табиғат заңы. Оған амал жоқ. «Төрттік төбе» талқандалғаннан бері біз сақа жолдастарды арт-артынан қайтарып әкелдік. Оның үстіне, олардың бұрынғы міндеттерін негізінен қалпына келтірдік немесе оларға әуелгісімен шамалас міндет жүктедік. Сөйтіп, біздің кадрларымыз көбейе түсті. Сақа жолдастарды қайтарып әкелу әбден қажетті, төтенше дұрыс болды. Қазір біз тап болып отырған мәселе - тепсе темір үзетін жас, білімі бар бір топ кадрдың тапшылығы. Осындай кадырлар болмайынша, төртті осы замандандыру іске аспайды. Ізбасарларды таңдау сынды осы істі созбақтатуға болмайтындығын біздің сақа кадрларымыз сергектікпен көре білу керек. Олай болмағанда, біздің төртті осы замандандыру дегеніміз бос сөз болып қалады. Меніңше, жолдастардың барлығы да бұл көп шындықты естіген де, көрген де болу керек. Ізбасарды ұқыптылықпен таңдау сақа кадрларымыздың міндеті болып табылады. Мен таяуда сырт орындарға барып келдім. Сонда жол бойы әңгімеміз осы мәселе жөнінде болды. Осы рет Ие Жиа ниің жолдас мемлекет мерекесінде сөйлеген сөзінде осы мәселеге тоқталды. Бұл істі сақа жолдастар мен жоғары дәрежелі кадрлардың өздері істеулері, тексеріп-зерттеу жүргізулері, басқалармен әңгімелесулері, бұқарадан пікір алулары, орын беруге әзірленулері керек. Қазір сақа жолдастар мен жоғары дәрежелі кадырлардың қай-қайсысының да коммунистик өлшем мен кадрлық өлшемге толатын-толмайтындығы олардың жарамды ізбасарларды ұқыптылықпен таңдай алған-алмағандығына қаралады. Біз әр дәрежелі басшылық алқаның (жүйеден партия алқаларының) бірінші, екінші, үшінші бастықтарын үш-төрт жыл ішінде ретке салып, орналастырып болуды талап етеміз. Жоғарырақ дәрежелі органдар алдымен жасырақ жолдастарды екінші, үшінші бастықтыққа ыңғайластырса болады. Сақа жолдастар орнын сақтап, бірінші бастық бола тұрсын. Төмен дәрежелі органдар жақсы жастарды бірінші бастық етіп көтере алатын болса, тікелей таңдаса болды. Егер біз үш-төрт жыл ішінде жоғары орындардан төменгі орындарға дейін осы мәселені шеше алмайтын болсақ, келешекте тіпті қиналамыз. Біз жастар жөнінде нақты талдау жасауымыз керек: «төрттік төбенің» идиялық жүйесінің уына қатты уланған аз санды жастар күні бүгінге дейін райынан қайтпай отыр. Біз мұндайларды ізбасарлыққа әсте таңдамауымыз керек. Егер біз қазір осы мәселеге назар аудармайтын болсақ, келешекте біздің көзіміз жұмылғанда немесе жұмысқа жараудан қалғанымызда осындай бір топ адам орнымызға шығып алады да, партиямызға, мемлекетімізге пәле-қаза төндіреді. Қазір біз Лин Бияу мен «төрттік төбе» жын ойнаққа басқан кездегі қыруар делоларды ақтадық емес пе? Егер біз осы адамдарға орын беріп, ұқық ұстататын болсақ, олар қайтадан аударып тастайды.
Қазір біздің ізбасарлар таңдауымызға тамаша жағдай туылды. Яғни, адамдардың саяси бет-бейнесі айқындалды. Ие Жиа ниің жолдас мемлекет мерекесінде сөйлеген сөзінде мынадай үш өлшемді ортаға қойды: біріншіден, партияның саяси ұстанымы мен идеялық ұстанымын батыл жақтау. Екіншіден, қалтқысыз болу, заң-тәртіпке қатаң бағыну, париялылыққа табанды болу, топшылдықты түп-тамырымен жою. Үшіншіден, күшті төңкерістік іскерлік, саяси жауапкершілік, жұмыстың үдесінен шыға алатын кәсіптік қабілет болу. Мұнан тыс, зейін-қуат жағынан алғанда, табан аумай сегіз сағаттық қызмет істей алу-алмауға сәл қарауға әсте болмайды. төртті осы замандандыратын атойшыларда мамандық білім, қайрат, зейін-қуат болмаса болмайды. Өрелі ойың болғанмен, зейін-қуатың болмаса, онда қызметті ойдағыдай істей алуың қиынға соғады. Біз ізбасарларды ұқыптылықпен таңдаудың сратегиялық мәселе екенін, партиямыздың, мемлекетіміздің ұзақ болашақтық мүддесімен қатысты ірі мәселе екенін жете түсінуіміз керек. Егер біз үш-төрт жыл ішінде осы мәселені шешіп кетпесек, онда он жылдан кейін не боларын кім білсін! Еліміздің, халқымыздың, партиямыздың қамын ойлауымыз керек қой! Мұның түбірлі сипат алатын мәселе екенін ескеру керек. Бізде дұрыс идеялық ұстаным, дұрыс саяси ұстаным болғанымен, егер ұйымдық мәселені ойдағыдай шешпесек, онда дұрыс саяси ұстанымның атқарылуын қамтамасыздандыра алмай, партия мен халық алдында жерге қарап қаламыз.
Жоғары дәрежелі кадрларымыз жоғарыдағы үш шартқа толатын кадрларды өз қолдарымен ізбасарлыққа таңдап көтеруі керек. Бұл істі алдымен өз көкейімізге қондыруымыз, белсенділікпен, ырықтылықпен істеуіміз керек. Жалаң Орталық комитеттің ұйымдастыру бөліміне ғана сүйенуге болмайды. Өйткені олар әр сала, әр кәсіпті білмейді. Кадр біткеннің бәрімен таныс болуы да мүмкін емес. Ізбасарларды неғұрлым тез таңдағанымыз абзал. Қазір біздің қызметіміздегі таяныштардың көбі қырық жас шамасындағы адамдар. Отыз жас шамасындағы таяныштар әлі де тым аз болып отыр. Біз осы таяныштарды батылдықпен көтергеніміз жөн. Сіздерді айтсақ, өткенде келелі міндетте болған кездеріңізде жас едіңіздер. Тіпті корпус бастығы болған кездеріңізде небары 20 неше жаста едіңіздер. Ендеше қазіргі жастардың сол кездегі жастардан миғула болғаны ма? Олай емес. Біздің бүркеп алғандығымыздан, стажға қарайтын жаман әдеттің салдарынан жастар көтеріле алмай қалды. Басшылық орынға отырудан бұрын жарамайтындай көрінген көптеген жолдастар өсіріліп еді, көмек көрсетуімізбен-ақ іске жарап кетті емес пе.
Армиямыздың жоғары дәрежелі органдарына, айталық, ірі әскери райондарға да жасырақ кадрларды таңдап қою керек. Дегенмен армияның өзіндік ерекшелігі болады. Сондықтан, армиядағы кадрлар әлі де сатылар бойынша көтерілгені жөн. Солай да көне шеңберді талқандау қажет. Жергілікті орындар армияға ұқсамайды. Кәсіпорындар да армияға ұқсамайды. Мектептер, ғылми-зерттеу орындары армияға тіпті де ұқсамайды. Осы орындарда қабілеттілерді көтергенде дәреже аттаса да болады. Біздің өлкелік, төте қарасты қалалық, автономиялы райондық парткомдарымыз да біршама жасырақ кадрлардан бір-екеуін өсірген болды. Ал, жас деп отырғанымыздың өзі де қырық жастан асқан, елу жас шамасындағылар. Оның үстіне олардың аттары қашан да тізімнің соңында жүреді. Мұның өзі шеңбердің толық талқандалмағанын түсіндіреді. Осы бір мәселе, атап айтқанда, басшылық алқаның мүшелері тым көп. Бір парткомның тұрақты комитетінде 15-16, 17-18 тіпті одан да көп адам бар. Енді біз жасырақ, тебіндірек жолдастарды ұқыптылықпен таңдап алып, орта, төмен дәрежелі басшы органдардың бірінші, екінші, үшінші бастықтығына, жоғары дәрежелі органдардың екінші, үшінші бастықтығына көтеруіміз керек. Оның бер жағында, екі-үш жылдан немесе төрт-бес жылдан кейін соларды бірінші бастықтыққа көтеруге дайындала бергеніміз жөн. Егер, қате таңданса, ауыстырып жібермейміз бе, оған да үлгіреміз.
Мектептер мен ғылми зерттеу орындарында қабілеттілерді жетілдіру, таңдап өсіру мәселесі туралы мен кеше Жұңго ғылым акедемиясы құрылғандығының отыз жылдығын атап өту мәжілісінде сөйлеген сөзімде ғылыми атақ беру түзімін орнату, ғылми және техникалық қызмет атағын беруді де жолға қою керек дедім. Қазір бірнеше жас ғалымның ел ішінде де, халқарада да атағы шығып жүр, оларды профессорлыққа, зерттеушіге көтермейтініміз неліктен? Ғылым жағында жасампаздығы, еңбегі болады екен, онда оларға тиісті ғылыми қызмет атағын беру керек. Бұл жақтарда стажға қарауға болмайды. Заводтарда қашан да кәсіптік қабілеті және басқару қабілеті жоғарырақ адамдар ғана завод бастықтығына сайланады. Олардың жолының, жасының үлкен-кішілігімен санасып отыруға болмайды. Сіздерге мына бір жағдайды айта кетейін, цех бастықтары мен кезек-группа бастықтарын сайлау сынды біз жасаған осы түзімді кейбір орындар сынақ ретінде жүргізген еді, өте жақсы өнім берді. Бастысы, кәсіпорындарды ойдағыдай басқару мен жұмысшылардың төл мүддесі ұштастырылды. Жұмысшылар демократиялық жолмен сайлағанда, кәсіпорындарды ойдағыдай басқара алады деп таныған адамдарын ғана сайлады. Олай істейтін себебі, кәсіпорындар жақсы басқарылса, жұмысшыларға сыйлық ақша беріледі, мемлекетке қосатын үлесі де көп болады. Қазір цех бастығы мен кезек-группалардың бастығын сайлау мәселесі ғана шешілді. Келешекте завод бастықтарын, меңгерушілерді калай таңдау керек, оны жақсырақ зерттеуге тура келеді.
Қорытып айтқанда, қабілетілерді жетілдіруді, таңдауды мықты ұстағанда ғана төртті осы замандандыру ісін ойдағыдай жолға қоя аламыз. ...Қазір еңбек ақыны төменірек белгілесек те болады. Дегенмен, тым төмен болса да болмайды, теңгермешілдік істемеуіміз, тай қазаннан тамақтануды жолға қоймауымыз керек. Зерттеу орындарында қалаулы зерттеушілердің еңбекақысы сол орынның бастығының еңбекақысынан жоғары болса да болады. Мектептерде де жақсы профессорлардың еңбекақысы мектеп меңгерушісінің еңбекақысынан жоғары болса да болады. Осылай істегенде ғана алға басуға шабыттандыруға болады. Қабілеттілер жетісіп шығады. Біз түзім орнатқанда мамандық білімі бар, жас, тебінді адамдарды өз іскерлігін сәулелендіре алатын қызмет орнына қою түзімін орнатамыз. Бұл арада мен мынаны да айта кетейін, ғалымдарға әдеттегі жағдайда әкімшілік істер арқылы кедергілік жасамау, қайта олардың негізгі зейін-қуатын шоғырландырып, кәсіптік зерттеу жұмысымен ойдағыдай шұғылдануға мүмкіндіктің барынша жағдай жаратып беру керек.
Біз орта жастағы кадрларды таңдап өсіруге ерекше назар аударуымыз керек. Енді бес жыл өткеннен кейін университет бітірген студенттер арасынан жас шамалары отыздан төмен бір топ қабілеттілер шығуы мүмкін, осындай адамдарды өсіруге назар аударуымыз керек. Бірақ, қазіргі жағдайдан алғанда, басты түйінді орта жастағы кадрларды таңдауға қоя тұрып, олардың арасындағы жоғарыдағы үш шартқа толымды адамдарды ізбасарлыққа көтерсек болады. Сақа жолдастар орын беру керек. Біз көне сүрдекті шиырламай, болашақ жүз жылдық ірі істі көкейде ұстап, қабілеттілерді дәреже аттатып, көтеруіміз керек. Жүз жылдық ірі істі былай қоя тұрғанда да, он жылдық ірі істі алдын ала ойластыру керек қой. Мен 1975 жылы бұл мәселе жөнінде ойланған едім. Ол кезде төраға Мау Зы дұң орталық комитеттің қызметін маған басқартқан болатын. Сонда Уаң хуын Шаңхайға барып, басқаларға он жылдан кейін көре жатармыз депті. Мен сол кезде-ақ мұны Ли Шияннан жолдасқа айтып, он жылдан кейін біз қандай күйге түсеміз? Жас жағынан алсақ та біз оларды басып түсе алмаймыз ғой!-деген едім. Осы отырған жолдастар да оларды басып түсе алмас еді. Егер келешекте «Төрттік төбенің» идеялық жүйесіндегі адамдар ұқық иелейтін болса, сіздер де оларды басып түсе алмайсыздар. Сіздер енді қанша жасаймын дейсіздер? Көздеріңіз тірі болған күнде де миларыңыз керектен қалады. Бұл - табиғат заңы!
Біз капиталистік қоғамды жаман дейміз, бірақ ол қабілеттілерді байқау, істету жақтарында төтенше батыл. Стажға қарамай, жарамды адамды істету - капиталистік қоғамның бір ерекшелігі. Мұны олар орынды деп санайды. Осы жағынан алғанда, біздің кадр таңдау түзіміміз мешеу қалған түзім. Стажға қараудың өзі де бір түрлі әдет күш, бір түрлі мешеу әдет күш.
Кадрлар, қабілеттілер дәл қалағанымыздай таңдалса, біздің ісімізден зор үміт күтуге болады. Мұның себебі өте айқын, тек дұрыс идиялық ұстаным мен саяси ұстанымның, төртті осы замандандыру нысанасының ғана белгіленуі жеткіліксіздік етеді. Оны істейтін адам болу керек. Кім істейді? Әйтеуір, біз секілді кеңседе отырып алып, белгі салумен іс бітпейді. Бұдан үміт жоқ. Қазір нағыз бел шешіп істеп отырғандар, айналып келгенде, сол жастар. Ендеше, оларды басшылық орынға көтеруге неге болмайды? Кейбіреулер оларды шаңыраққа тіреу бола алмайды дейді. Тіреу бола алмай жатса, демеп жібермейсің бе. Қазір «Бұтханалар» тым көбейіп кетті. Үкіметке қарасты министрліктің, комитеттің осындай көп болғаны орынды ма? Министрліктің, комитеттің қол астында соншама көп меңгерме, мекеме құрудың қажеті бар ма? Армияның осындай көп әскер түріне бөлінудің керегі қанша? Лайықты реформа жасауға бола ма? - деген мәселелерді таяудан бері ойластырып жатырмыз. Меніңше, біздің жергілікті басшы органдарымыз бен армияның қолбасшы органдарын осындай көбейту, осындай далиту жарамайды-ақ. Қазір бізде төрешілдіктің, төрешілдік құрылымның, төрешілдік түзімнің орасан зор зиян салып отырғанын барлық жерден көруге болады. Қазір «Бұтханалар» тым көп. «Бұтханалар да» «бұрхандар да» өте көп. Сақа жолдастар қозғалмағандықтан, жастар шыға алмай отыр. Сондықтан біз қазіргі кадрлар қызметі түзіміне реформа жасап, жас кадрларды көтеруге тиімді түзім орнатуымыз керек.
Бірнеше жылдың алдында мен ақылшылық түзімді орнатуды ортаға қойған едім, бірақ ол толық іске асқаны жоқ. Көп адамдардың ақылшы болғысы келмейді. Қазіргі жағдайға қарағанда, мәселені шын мәнінде шешу үшін жалаң ақылшылық түзімге сүйенуге болмайды, маңыздысы зейнетке шығу түзімін орнату керек екен. Бұл мәселе біздің қай-қайсымызбен де тығыз байланысты. Жолдастар, жақсырақ ойлап көріңіздер. Осы түзімді орнатпағанда, құрлымымыздың далиып кету, жұмыстан адам көп болу жәйіті, сондай-ақ жастардың өрлей алмау мәселесі шешілмейді. Зейнетке шығу түзімі орнатылып, әрқайсы тараудағы, әр дәрежелі қызметтегі кадрлардың зейнетке шығатын жасы белгіленгенде, барлық адам өзінің қай жылы зейнетке шығатынын білетін болады. «Мәдениет зор төңкерісінен» бұрын, біз кадрларды зейнетке шығару туралы түзімін орнатуды ойластырған болсақ та, оны онша қажетсінбеген едік. Осы отырған жолдастардың көбі сол кезде 47-48 жаста еді. Ал 1966- жылдан қазірге дейін 13 жыл өтті. Осы отырған жолдастардың дені алпыстың ар жақ, бер жағына келіп қалды. Міне, енді сол шұғыл қажет болып отыр, бұл мәселені шешетін уақыт жетті. Зейнетке шығу түзімін атқару қайсы бір жолдасты көзге ілмегендік пе? Бұл - әлде кімдерді алымсыну-алымсынбау мәселесі емес. Бұл - париямыз бен мемлекетіміздің көркейіп, күндей жайнауына қатысты ірі мәселе. Дегенмен, ақылшылық түзімі де бір түрлі шығар жол. Оны әлі де жалғастыра беру керек. Бірақ, онан да маңыздысы зейнетке шығу түзімін орнату. Көптеген жолдастар бұл пікірді ортаға қойып отыр. Біз әлі талқыламадық, бүгін мен алдын ала аңыс қозғап отырмын.
Қазір сақа жолдастардың міндеті өте көп. Солайда бірінші міндеті не? Атап айтқанда, ізбасарларды ұқыптылықпен таңдау болып табылады. Жарамдыларды, қалаулыларды таңдап алсақ, міндетті өтеген боламыз. Өмірлік ісімізді негізінен орындаған боламыз. Күнделікті басқа да жұмыстар екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы орында тұрады. Ізбасарларды ұқыптылықпен ойдағыдай таңдау бірінші орында тұратын іс.
Менің бүгін сөйлеген сөзіме жоғары дәрежелі кадрлар көңілденіп кетпейді. Байқайсыз ба, енді сақа кадрлар сорлады десеңізші, тұрмыстық игіліктер жағында белгілемелер жасалыпты, кейбір жақтарда шектемеге ұшырайтын болдық, ерекшеленуге де негізінен болмайтын болды. Оның үстіне, зейнетке алу мәселесі ауызға алыныпты, «Бұтханалардағы» «бұрхандар» жаңа бұрхандарға орын босатсын делініпті, т. т-лар. Меніңше, мұндай қарауға болмайды, бұл мәселе жөнінде саналы болуымыз керек. Егер партия менің бүгін зейнетке шығуыма рұқсат етсе, дереу зейнетке шығамын деген ой бар менде. Бұл жалған емес, шын сөзім. Жалпы іс жөнінен алып қарағанда, менің қазірше зейнетке шығуым мүмкін емес. Олай болуын көпшілік те құптамайтын болу керек деп ойлаймын. Алайда, өз көңілімде бұл мәселе шын мәнінде аса маңызды деп сезінемін. Біз болашаққа назар салуымыз керек. Біздің ісіміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын іс қой! Біз қазір ортаға қойған, дүп келіп отырған мәселелер он жыл ішінде тап болатын немесе тап болуымыз мүмкін болған кейбір келелі мәселелер. Егер бұдан да алысырақты ойлайтын болсақ, жиырма жылдан кейін тағы қандай мәселеге тап болмыз, қандай істер болады? Жиырма жылдан кейін, осы отырған жолдастардың нешеуінің көзі тірі тұрады? Әрине, жолдастардың өмірінің ұзақ болуын тілеймін. Бірақ табиғат заңы ырық бермейді. Қазір біз бұл мәселеде алысты ойламасақ, алысқа көз жібермесек, партиямыз бен мемлекетіміздің түбірлі мүддесінен шығар түйін ете отырып толғанбасақ, дұрыс қортынды шығара алмаймыз, қыруар мәселелер жөнінде сенім байлай алмаймыз, оны шеше де алмаймыз.
Дайындаған А.Мұқабай
«Абай-ақпарат»