Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
3670 0 пікір 29 Қыркүйек, 2021 сағат 16:18

Өзбекстан экономикалық форумы: 6.6 млрд доллар

29 қыркүйекте басталған Ташкент экономикалық форумы аясында 6,6 миллиард долларлық келісімдер мен несиелерге қол қойылады. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының экономикалық даму және кедейлікті төмендету министрі Джамшид Кучкаров мәлімдеді.

29 қыркүйекте Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкінің қолдауымен өтетін Өзбекстан экономикалық форумы басталды. Форумға Өзбекстан үкіметінің, халықаралық іскерлік және қаржылық қоғамдастықтың, сондай-ақ халықаралық және аймақтық даму институттарының 300-ге жуық өкілі қатысады.

"Бұл форумда біз пікір алмасып қана қоймай, бірқатар ірі келісімдерге қол қоямыз. Атап айтқанда, жекешелендіру саласында 600 миллион доллар көлемінде келісімдерге қол жеткізілетін болады, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша - 2,6 миллиард долларға, 3,4 миллиард долларлық шетелдік несиелерге қол қойылады", - деді Кучкаров.

29-30 қыркүйекте Ташкентте "Өзбекстан: экономикалық реформалардың жетістіктері және олардың болашағы" тақырыбында экономикалық форум өтеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1376
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2954
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1022
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 961