Жексенбі, 24 Қараша 2024
4039 2 пікір 1 Қазан, 2021 сағат 16:04

Шыңжаңдағы туыстарына іздеу салғандарды полиция ұстады

Нұр-Сұлтанда полиция Шыңжаңда қамалған туыстарына араша сұрап жүрген 8 адамды жұма, таңертең уақытша қонып жүрген үйлерінің алдынан ұстап әкетті. Бұл туралы Centralasian.org мәлімдеді.

Ұсталғандар арасында 65 жастағы зейнеткер Халида Ақытхан да бар. Ол бұған дейін аяғы ауырып жүре алмай, арбамен қозғалып жүрген еді. Арнайы жасақ оны да сүйреп апарып, газельге отырғызды. Ұстау кезінде ол құлап қалды.

Арнайы жасақ Азаттық тілшісіне оқиғаны камераға түсіруге кедергі келтірді.

Бұған дейін 1 қазанда Нұр-Сұлтанда Қытайдың жаңа елшілігінің ашылатыны жөнінде хабар тараған. Дегенмен Азаттық тілшісі ресми хабарды таба алмады. Астанадағы Қытай елшілігінің алдында он күннен астам акция жасап жүрген топ 1 қазанда елшілікке барып, Қытай елшісі Чжан Сяомен кездесуге тырысып көрмек болған.

Белсенді Байболат Күнболатұлының айтуынша, жұма таңертеңнен бастап оларды полиция көліктері аңдыған. Ол өзі және наразылардың тағы бір Гаухар Құрманғалиева екеуі үйден шығып үлгермеген. Полиция оларды ұстамаған.

Полиция әзірге түсініктеме бермеді.

  • Алматыдағы Қытай консулдығы алдында жеті айдан астам уақыт акция өткізген наразыларға бұған дейін консулдықтан ешкім шықпаған. Олар 20 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтандағы Қытай елшілігі алдында наразылық өткізіп келеді. Жуырда оларға "бейбіт жиын өткізу тәртібін" бұзғаны үшін айыппұл салынды.
  • Наразылар Шыңжаңда қамалған немесе қайта алмай отырған туыстарын Қазақстанға қайтаруды талап етеді. Олардың сөзіне қарағанда, Қытай билігі туыстарын жазықтан-жазықсыз сотсыз қамап, қудалаған. Кейбірін үйқамақта ұстап, Қазақстанға баруына тыйым салған.
  • Сәуір айында Қытайдың Қазақстандағы елшісі Шыңжаңда қамалғандардың "Қытай азаматы" екенін және олардың "Қытай заңын бұзғанын" айтқан. Қазақстан сыртқы істер министрлігі "өзге елдің ішкі ісіне араласа алмайтынын" алға тартып келеді.
  • Халықаралық ұйымдар мен Батыс елдері Пекинді Шыңжаң өлкесінде ұйғыр, қазақ, қырғыз және өзге де мұсылмандарға "геноцид" жасады деп айыптаған. Пекин мұны жоққа шығарған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562