Қалмаханбет Мұқаметқали. Қазақ журналистеріне не қажет?
«...Реті келгенде бір мәселені айта кетейін, кейде мен таң қаламын. Қазақстандағы орыстардың жағдайы нашар екен деп ресейлік журналистер маған сұрақтар қойып жатады. Ал Ресейдегі қазақтардың жағдайы қандай екен деп ешкім сұрақ қоймайды. Мысалы, Ресейдің басшылары, парламенттің жетекшілері келіп жатады, сіздер журналистер соларға: «Омбыдағы қазақтардың мектебі жабылып қалды, олардың оқулықтары жоқ, қазақ тілі құрып бара жатыр, қазақтың азаматтары ешбір әкімшілік жұмысқа кірікпей қалды», - деп неге сұрақ қоймайсыңдар. Не Орталық Азияда, не Ресейде ешкім осындай сұрақ қоймайды. Біз баяғы басымыз салбырап жүре беретін әдетімізбен келе жатырмыз...»
Сөз егесі - Елбасы, сөз жүйесі - журналистерге! Президенттің әріректе айтылған бұл кесімді пікірін арагідікте қайта еске алып қоюдың артықтығы болмас деп ойлаймыз. Неге? Оны тағы ойлану керек...

Ал, қазір бізді басқа сауал қызықтырады: қазақ журналистеріне не қажет? Қазақ журналистерінен қоғамға не қажет? Біздіңше, екі жақ та өз қажеттіліктерін өтей алмай отырған сияқты. Әгәрәки, қазақ журналистері қоғам қажеттілігін толыққанды тауып беріп отырған болса, жоғарғы сөз егесі - Елбасы осылай дейтін бе еді?.. дейсің, дейсің де қоясың! Немесе қазақ журналистеріне не керек еді, керегін тауып жүр ме? Балабақша кезегі үшін болған дау туралы объективті мақала жазып отырып, үйге қамап кеткен ұлыңды ойлап қоясың... Үлескердің ушыққан мәселесіне зерттеу жүргізіп келе жатып, «Өжеттегі» сыз сасыған жаздық үйдің пәтерақысын төлейтін күн келіп қалғаны есіңе түседі... Алыс ауылдағы ауыз суға, жолды жөндеуге бөлінген қаражаттың қолды болып кеткені жайлы шағым-хатты қорытып бітіп, аузы-мұрнынан шыққан автобуспен, таусылып бітпейтін тығында үйге қайтып барасың тағы... Қайтып бара жатып «қазақ журналистеріне не қажет еді» осы деп ойланып қоясың. Өткен мерекемізде де мені осы сұрақ іштей қажап, шаршатып тұрды. Ал, сен не ойладың, әріптес?
«Абай-ақпарат»