Сейсенбі, 20 Қазан 2026
4180 1 пікір 5 Қазан, 2021 сағат 11:57

Қытай жаңа қауіпті вирус шығатынын мәлімдеді

Қытайдың жұқпалы ауруларды бақылау және қадағалау орталығының басшысы Гао Фу халықаралық ғылыми форумда адамзаттың болашақта аса қауіпті вирус түрлерімен міндетті түрде жолығатынын мәлімдеді. Сондықтан адамзатты жаңа қауіппен бірлесе күресуге шақырды. 

"Әлем тек қана коронавируспен емес, сонымен қатар инфодемиямен де ауыратын болады. Яғни шынайы және жалған ақпаратты ажырату қиын ақпараттық кеңістік қалыптасуда. Бұл көптеген мәселені шешуге кедергі болмақ. Адамзаттың болашағы үшін мәселелерді бірлесе шешкеніміз дұрыс. Болашақта қауіпті жаңа вирустар болады. Қазір оны шартты түрде "Вирус Х" деп атайық", - деді ол.

Ол сонымен бірге коронавирустың ақпараттық кеңістікте саяси құралға айналып кеткенін де айта кетті.

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1109
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1521