Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2034 0 пікір 17 Сәуір, 2012 сағат 07:31

Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі: «Құрылысқа немқұрайды қараған мердігерлердің тізімін БАҚ беттерінде жариялау қажет»

Соңғы жылдары елімізде құрылыс индустриясының ерекше қарқынмен дамып келе жатқаны рас. Жыл сайын жүздеген жаңа көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар халық игілігіне пайдалануға берілуде.  Ал шығыстағы жағдай қандай? Бір қарағанда, мемлекет тарапынан қаржы аямай-ақ бөлініп жатқан секілді. Расында, солай. Мәселен, биыл облыстың құрылыс саласына бөлінген қаражат өткен жылғымен салыстырғанда 30 пайызға ұлғайыпты. Сонда гәп неде? Гәп құрылыс жүргізуші компаниялардың жауапсыздығында секілді.

Соңғы жылдары елімізде құрылыс индустриясының ерекше қарқынмен дамып келе жатқаны рас. Жыл сайын жүздеген жаңа көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар халық игілігіне пайдалануға берілуде.  Ал шығыстағы жағдай қандай? Бір қарағанда, мемлекет тарапынан қаржы аямай-ақ бөлініп жатқан секілді. Расында, солай. Мәселен, биыл облыстың құрылыс саласына бөлінген қаражат өткен жылғымен салыстырғанда 30 пайызға ұлғайыпты. Сонда гәп неде? Гәп құрылыс жүргізуші компаниялардың жауапсыздығында секілді.

Қаржы қыруар, құрылыс қайда?

Жақында облыс әкімі Бердібек Сапар­баев өңірдің құрылыс саласын сарапқа сал­ған үлкен жиын өткізді. Осы жиында біраз жайтқа қаныққандай болдық. Мәселенің ба­йыбына бару үшін әуелі деректерге үңі­ліп көрелік.

Облыс әкімінің орынбасары Жомарт Мұратовтың айтуынша, өңірімізде жүріп жатқан құрылыстардың қарқыны баяу. Құ­рылыс компаниялары қазынадан бө­лін­ген қаржыны дер кезінде игермейді. Биыл­ғы жылдың бірінші тоқсанына бел­гі­ленген 11 308,2 млн қаражаттың тек  79,3 пайызы ғана игерілген. Оның ішінде рес­публикалық қазынадан бөлінген қар­жының 164,7 миллион теңгесі иге­ріл­меген. Ұлан ауданына қарасты Қасым Қай­сенов кентінде салынып жатқан мек­теп пен Қатонқарағай ауданындағы Үлкен-Нарын ауылындағы балабақша құ­рылысына бөлінген ақшаның 64,2 млн, Зимовьевтегі интернат-үйінің құры­лы­сына қарастырылған қаржының 64,7млн, сон­дай-ақ Үржардағы Алакөлдің жағалауын бе­кітуге бөлінген қаржының 36 млн теңгесі иге­рілмеген. Жергілікті бюджеттен бөлінген  5612,2 млн теңгенің 2194,8 миллионы да иге­рілмей сол күйі қалған. Мұны бір деп қойыңыз.

Екінші мәселе - мердігерлердің құ­ры­лыс нысандарын мерзімінде аяқ­та­май отырғаны. Мысалы, Үржар ау­да­ны­на қарасты Қаратұма мен Науалы ауыл­дарындағы білім беру нысандары өткен жылы пайдалануға берілуі қажет бо­латын. Өңірдегі апатты жағдайдағы мек­теп құрылыстарын жүргізуде мер­ді­герлер кестеден айтарлықтай қалып ке­леді. Олардың қатарында Күршім ау­­данының Үшбұлақ, Ақжайлау, Қа­ра­шілік ауылдарында 80 орындық мектеп құрылысын жүргізіп жатқан «ВостокКапиталстрой», «Профистрой», «ZhT Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар.

Үшінші, құрылыс сапасын бақылайтын техникалық бақылаушылардың бақы­лаусыз кеткені. Бұл жөнінде облыс басшысы Бердібек Сапарбаев:

- Мен құрылыс алаңдарында жиі бо­ламын. Өткенде ғана Зырянда соңғы 30 жыл­дың ішінде бірінші рет «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында қолға алынған көпқабатты үйдің құрылысымен таныстым. Сонда техникалық бақылаушы қайда десем, ешқайсысы білмейді. Техникалық бақылаушы дегеніңіз күні бойы құрылыс басында болуы керек емес пе? Сонда ол не үшін еңбекақы алады? Ал ертең сол құрылыс аяқталғаннан соң, көп мін тауып жатамыз. Бұған енді кімді кінәлаймыз? - дейді.

Жауапсыз мердігерлердің тізімі БАҚ-та жарияланатын болды

Осы кеңесте Үржар ауданындағы Айтбай ауылындағы 130 орындық мектеп құрылысы салынып жатқан жерден су шыққаны да айтылды. Сонда мердігер мекеме бұл жерде құрылыс салуға болмайтынын білмеген бе?

- Барлық жобалаушылар мен мерді­гер­лер, жоба мен ұсыныстың  көптігінен сіз­дер көкке керги бастадыңыздар, - де­ді облыс басшысы. - Қалай болса, со­лай жоба жасауға бола ма? Мысалы, біз­дің өңірдің қатал табиғатына жайпақ ша­тырлар мүлдем жарамайды.

Кеңесте құрылыс материалдарының сапасы туралы да сөз болды. Облыс әкімі барлық мердігерге білім мекемелері құрылысында жіберілген кемшіліктерді  1 тамызға дейін жөндеуді қатаң тапсырды. Сонымен қатар енді олар нысанды пайдалануға беру мерзімін кешіктіргені үшін айыппұл да төлейтін болады.

Сонда айтса - сөз, атса оқ өтпейтін жауапсыз мердігерлерге қайтпек керек? Қандай шара қолдану керек? Кесімді сөзді облыс әкімінің өзі айтты.

Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

- Құрылысқа немқұрайды қараған мердігерлердің тізімін БАҚ беттерінде жариялау қажет. Отандастарымыз опасыз құрылыс компанияларын жатқа білсін.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475