Нанотехнология Шығыстың шырайын арттыра түспек
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Қазіргі замандағы биоматериалдар, наноматериалдар және наномедицина мәселелері» атты І халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған конференцияға АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Ирландия, Ресей ғалымдары қатысты.
Жиында баяндама жасаған ғалымдар нанотехнология саласындағы жаһандық жетістіктерге кеңінен тоқталды. Америкадан келген Радиологиялық технология университетінің президенті Мерфи Брент медициналық физиканың болашағы туралы баяндама жасап, әлемді алаңдатып отырған қатерлі ісік ауруын наномедицина арқылы ауыздықтау бағытында атқарылып жатқан ғылыми жаңалықтар жөнінде келелі әңгіме қозғады. Ал, Роуз-Халман технология институтының (АҚШ) бағдарлама директоры Р.Летфуллин жақын болашақта нанотехнология саласына әлемдік рынокта 1 триллион доллар көлемінде қаржы жұмсалатындығын және осы салаға қызмет ететін 2 миллиондай маман қажет болатындығын баса айтты. Қазақстандық ғалымдар да өз ғылыми зерттеулерінің жетістігін ортаға салып, алдағы кезеңде шетелдік әріптестерімен бірлесе жұмыс істеуге ынта білдірді.
Осы басқосудың алғашқы қадамы ретінде аталмыш конференцияның аясында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті мен Радиологиялық технология университеті (АҚШ) ынтымақтастық жөнінде келісім жасасты.

Келісім-шартқа сәйкес Радиологиялық технология университеті мен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті арасындағы наномедицина және медициналық физика бойынша академиялық дәреже беретін екі дипломды MS білім беру бағдарламасы іске асырылмақ.
Жаңа білім беру бағдарламасы бойынша білім алған әрбір магистрант Радиологиялық технология университеті мен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің жеке академиялық дәрежесін алады. Аталмыш инновациялық магистрлік бағдарлама нанотехнология саласындағы соңғы ғылыми жетістіктерді оқытады.
«Абай-ақпарат»