Израилдік дәрігерлер Кенді Алтайға келіп жатыр
Өткен жылдың маусымында израилдік дәрігерлер Кенді Алтайға келген сапарында біздің емханалар мен ауруханаларда болып, оларға көмек көрсету жөнінде келісімге келген еді. Енді,міне, олар нақты іске көшті.
Атап айтқанда, ауыр науқастарға 12 кардиохирург,нейрохирург,гинеколог, балалар неонтологы, анестезиологы, уролог келіп тегін операция жасай бастады. Ал мұның алдында Израиль дәрігерлері 20 операция жасап кеткен болатын.
Біздің мақсатөскемендік дәрігерлердің де өз бетінше ота жасауына жағдай жасау. Қазақстандық дәрігерлердің біліктілігі мен білімі жетіп артылады. Екі елдің дәрігерлері емдеудің озық үлгілерін алмасу арқылы сырқаттар санын азайта бермек,дейді «Шнайдер» атты балалар ауруханасының директоры, профессор Пресс мырза ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуде.
Ана мен бала орталығына израилдік дәрігерлер келіп,40 балаға ота жасамақ. Алдағы уақытта да «Шнайдер» аурухансымен әріптестік орнатыла бермек,дейді орталықтың директоры Рая Рахимова.
«Абай-акпарат»