Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3219 0 пікір 18 Маусым, 2012 сағат 09:38

ШҚО-да жалпы аймақтық өнім соңғы 3 жылда 58 пайызға өсті

ӨСКЕМЕН. 15 маусым. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда жалпы аймақтық өнім өткен жылы 1,6 трлн. теңгеге жетіп, соңғы 3 жыл ішінде 58 пайызға артты.

Экономика басқармасы хабарлағандай, өндірістік өнімнің көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 64 пайызға өсіп, 791,1 млрд. теңгені құрады.

2009 жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджет түсімі 55 пайызға артты.

2011 жылы мемлекттік бюджетке шамамен 152 млрд. теңге түсті.

99 млрд. теңге республикалық бюджетке бағытталады, оның 83 пайызы, яғни 82 млрд. теңгесі субвенция түрінде қайтарылады.

2012 жылы республикалық бюджеттің түсім жоспарына 100 млрд. теңге, субвенция алу - 89 млрд. теңгені құрайды. Айырмашылық 11 млрд. теңгені құрап отыр.

Облыстың бюджетіне келіп түсетін қаражаттың өсіп отыруы өңірде әлеуметтік мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Ағымдағы жылы 24 мектептің құрылысы аяқталады.

Өскеменде Қазақ драма театрының, мәдени-демалыс орталықтың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар қалалар мен облыс аудандарында мұражайлар мен шығырмашылық және мәдениет үйлері, кітапханалар, спорт нысандары салынуда.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1057
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2607
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 739
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 701