Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2950 0 пікір 16 Маусым, 2012 сағат 09:45

«Қазмырышмаш» техникалық қайта жарақтау жобасын іске асыруда

Шығыс Қазақстан облысындағы «Қазмырышмаш» ЖШС ҮИИД бағдарламасының аясында кен-шахта, металлургиялық және кен байыту жабдықтарын техникалық қайта жарақтау жобасын іске асырды.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты 1570 детальды құрайды. Жобаны іске асырудың нәтижесінде жаңа бағдарламалық өнімдер енгізіледі, инновациялық технологиялар бөлімі құрылады, сандық-бағдарламалық басқарылатын станоктармен жұмыс істейтін операторлардың жаңа топтары жасақталады және технологиялық операциялардың саны азайтылады.

Техникалық жаңарту  процесі шығарылатын өнімнің сапасын арттырып, еңбек өнімділігін арттырады, сондай-ақ зиянды өндірістік факторларды азайтып, жұмыс жағдайын жақсартады, электр энергиясының тұтынымын азайтады.

Жаңа жабдықтар мен технологиялар сондай-ақ, өндірістің технологиялық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр. Жоба қолға алынғаннан бастап импортты алмастырушы өнімдердің жаңа номенклатурасы тұрақты игеріле бастады. Қазіргі таңда өндіріс қуатының 95 пайызы игеріліп отыр.

Шығыс Қазақстан облысының Индустрияландыру картасына жалпы сомасы 604,2 млрд. теңгенің 37 жобасы енгізілген.

Естеріңізге сала кетейік, 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының мақсаты - Қазақстан экономикасын оның әлеуметтік тиімділігін арттыра отырып, ұзақ мерзімді кезеңге әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2557
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 707
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676