Жексенбі, 24 Қараша 2024
2584 1 пікір 8 Қазан, 2021 сағат 14:18

Қазақстан мен АҚШ халқы вакцинацияда кімге сенеді?

"Қазақстан мен АҚШ-та COVID-19-ға қарсы вакцинацияланғысы келмейтін көптеген азаматтар бар" деп мәлімдеді АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC) Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Дэниэл Сингер. 

"Вакцинацияға деген көзқарас туралы. Бізде деректер мен түрлі ақпарат көздері, зерттеулер бар. Қазақстандағы соңғы зерттеулер бойынша мәлімет мынандай: 1854 респонденттен 16-30 қыркүйек аралығында сауалнама алынды. Бұл жерде вакцинацияланбағандардың жартысына жуығы бар екендігінің айқын дәлелі көрдік және олар болашақта вакцинацияланбайтынына сенеді екен. АҚШ-та да көптеген адамдар вакцина алуға қарсы болған еді", - дейді Сингер.

Сенім мәселелеріндегі талдау нәтижелері көрсеткендей, Қазақстан мен АҚШ  азаматтары әр түрлі ақпарат көздеріне сенеді. "Екі елде де саясаткерлерге, журналистерге, дінбасыларына деген сенім өте төмен. Қазақстанда отбасы мүшелері мен достарына деген сенім орта деңгейде. Ал АҚШ пен Қазақстанның айырмашылығы АҚШ-та ғалымдарға, сарапшылар мен медицина мамандарына сенім жоғары. Жалпы, американдықтардың көпшілігі дәрігерлеріне сенеді", - дейді сарапшы.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578