Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
3479 2 пікір 12 Қазан, 2021 сағат 12:35

Қазақстан оқушыларына жаңа пән оқытылмақ

Қазақстан мектептерінде "Цифрлық сауаттылық" 2022 жылдың қаңтарынан бастап бірінші сынып оқушыларына оқытыла бастайды. 

Үшінші тоқсанда мектеп бағдарламасына алғаш рет "Цифрлық сауаттылық" пәні енгізілетін болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі өкілдері мәлімдеді.

"Оқу бағдарламасы уақыт талабына сай болуы керек. Біз цифрлық әлемнің қалай тез дамып жатқанын көріп отырмыз. Енді балалар смартфондар мен компьютерлерді мектеп жасына дейін қолдануды біледі. Бүгінде цифрлық сауаттылық оқу мен жазу сияқты негізгі дағдылардың біріне айналуда. Сондықтан балаларға цифрлық сауаттылықтың негіздерін, цифрлық гигиена мен ақпараттық қауіпсіздікті мүмкіндігінше ертерек үйрету маңызды. Әрине, жаңа тақырып балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес бейімделетін болады", - деді министрлік өкілдері.

Цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша президент өз жолдауында айтқан болатын.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 855
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2250
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 573
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 549