Жексенбі, 24 Қараша 2024
2484 0 пікір 15 Қазан, 2021 сағат 13:47

Вируспен күресуге 25 млрд доллар қажет

ДДСҰ әлем халқының коронавирусты анықтау тестілеріне, сондай-ақ вакцинацияға қол жетімділігін кеңейту үшін 20-25 миллиард доллар инвестиция қажет екенін айтты.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адан G20 қаржы министрлері мен орталық банк басшыларының кездесуінде сөйлеген сөзінде айтты. Оның сөзінің мәтінін бейсенбіде ДСДҰ-ның Женевадағы штаб-пәтері жариялады.

ДДСҰ басшысы COVID-19 диагностикасы мен препараттарына жаһандық қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін ACT-Accelerator халықаралық серіктестігінің стратегиялық жоспары мен бюджетін толық қаржыландыру арқылы "жаһандық экономиканы қалпына келтіруді қайта бастауға" шақырды.

"Тестілеуге, емделуге, жеке қорғаныс құралдары мен вакциналарға қолжетімділікті кеңейту және ДДСҰ-ның осы жылдың соңына дейін барлық елдердің халқының 40%-ын вакцинациялау жөніндегі мақсатына қолдау көрсету үшін 20-25 млрд доллар қажет", - деді ДДСҰ басшысы.

Ол ХВҚ мәліметтері бойынша, егер пандемия осындай деңгейде жалғаса берсе, "әлем 2026 жылға қарай 5.3 триллион доллардан асатын экономикалық шығынға ұшырауы мүмкін екенін" еске салды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625