Жексенбі, 24 Қараша 2024
3915 28 пікір 20 Қазан, 2021 сағат 13:23

Назарбаев: Мені кешіруді сұраймын

Жақын арада экс-президент Н.Назарбаев туралы “Штрихи к портрету” деректі фильмінің кезекті бөлімі жарыққа шығады. Бұл туралы Dalanews.kz мәлімдеді.

“Ағынан жарылу” деп аталатын бөлімде Назарбаев ел басқарған кезеңде ағаттық жіберіп, қателік жасағына қынжылады.

Деректі фильмнің үзіндісін Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Твиттерде жариялады.

Үкібайдың атап өткеніндей Назарбаев халықтан кешірім сұраған.

“Қазір ешкімге айтпаған бір құпиямды жария етейін. Сен үшін үшін бұл тосын жаңалық болсын. Мені кешіруді сұраймын. Маған өте қиын. Жүрек жұтқан, ешкімнен қаймықпайтын адам жоқ бұл жалғанда…”, – дейді Назарбаев бастан кешкен қиындықтарды еске ала отырып.

Бұдан бөлек экс-президент әдеттегідей қуғындағы банкир Мұхтар Әблязовке тоқталып, оның сатқындығын сөз етеді. Сонымен қатар “Орыс жері” атты псевдомемлекет құрмақшы боп Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне шабуылдаған сепаратистерді еске алған.

Осы сұхбатында Елбасы Қырғызстандағы төңкеріс тұсында Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиевті ел көзінен тасалап, ұшақпен алып шыққан кезді әңгімелеген.

Назарбаевтың орыс шовинистері ұйымдастырған ШҚО-дағы бүлікке тоқталғаны Кремльдің назарынан тыс қалмаған екен.

“1999 жылы Қазақстанның күш құрылымдары елдегі орыстілді аудиторияны мемлекетке қарсы қоймақ болды, үй ішінен үй тігіп, сепаратизмді қоздырды деген айыппен 22 адамды (оның 12-сі ресейліктер) қамауға алды.

Бүліктің басы-қасында жүрген Пугачев деген лақап аты бар Виктор Казимирчук 7 жылға сотталып, 2006 жылы босап шықты. Былтыр “қазіргі қазақ жері Ресей сыйға тартқан аумақтан тұрады деп” мәлімдеген Дума депутаты Никоновтың сөзі дипломатиялық дауға ұласты…”, – деп жазады “Московский комсомолец”.

Abai.kz

 

28 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625