Жексенбі, 24 Қараша 2024
2081 1 пікір 21 Қазан, 2021 сағат 15:43

Ташкент "Талибан" үкіметін мойындай ма?

Ташкенттің тәліптер билігін мойындауының бір шарты - Ауғанстанда қоғамның барлық саяси күштерінен тұратын мемлекеттік құрылымның болуы.

20 қазанда Мәскеуде Өзбекстан президентінің Ауғанстан жөніндеші арнайы өкілі Исматулла Иргашев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлады ресейлік және өзбек ақпарат құралдары.

Сәрсенбіде Ресей астанасында басталған Ауғанстан жөнінде пікір алмасу жиынына он елдің өкілдері қатысып жатыр.

"Талибан" үкіметі Доха келісіміндегі жауапкершіліктерін мойындаса, сонымен бірге ауған қоғамындағы барлық саяси тараптардан тұратын үкімет құрса, онда Өзбекстан бұл үкіметті мойындауы мүмкін, дейді Иргашев. Адам құқықтарын сақтау, сонымен бірге Ауғанстан аумағын содырлардың пайдалануына жол бермеу мәселелері де Ташкент шартында бар.

Өзбекстан президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілінің мәлімдеуінше, Ташкент әзірге тәліптер басқаратын уақытша үкіметті мойындай алмайды.

Өзбекстанның ресми өкілдері "Талибан" үкіметін заң жүзінде мойындай алмаса да, іс жүзінде онымен тығыз әріптестік орната алатынын мәлімдеп жүр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5604