Жексенбі, 24 Қараша 2024
2675 7 пікір 22 Қазан, 2021 сағат 14:23

Бүгін Қазақстан - Ресей дипломатиясына 29 жыл толды

22 қазан күні Қазақстан мен Ресей арасында дипломатиялық қарым - қатынас орнатылғанына 29 жыл толды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі мәлімдеді.

Елшілік ақпаратынша, осы 30 жыл ішінде екі ел арасында әр түрлі салаларды қамтыған жүздеген келісімдер мен шарттар жасалған. Олардың қатарында 2013 жылы қол қойылған 21 ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарт.

«Келісімшарттық негіз жақсы тәжірибеге сүйенеді. Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары тұрақтылығымен және болжамдылығымен, өзара құрмет, тату көршілік пен одақтастық қағидаттарын ұстануымен ерекшеленеді, бұған екі елдің басшылығы арасындағы саяси сенім мен дәстүрлі достық қарым-қатынастар ықпал етеді»,- делінген хабарламада.

Ал, екі ел арасындағы қарым-қатынас туралы экс-президент Назарбаев:  «Ресей біздің Құдай қосқан тарихи көршіміз. Бізге дейін де, біз де, бізден кейін балаларымыз да көршілестік пен достық түсіністікте өмір сүретін болады» десе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ресей сенімді стратегиялық серіктес және тату көрші» диалогы барысында өз шешімін таппайтын мәселе іс жүзінде жоқ екенін айтыпты.

Айта кетейік, бүгінде Ресей бизнесі Қазақстанның 32 ірі жобасына қатысуда. Ал, пандемия кезіндегі  қиындықтарға қарамастан, екі ел арасындағы сауда өткен 5 айдың ішінде 26 пайызға артқан.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583