Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3564 2 пікір 22 Қазан, 2021 сағат 15:28

Батыс түгілі Украинадағы демократияға жету мұң

Украинада Зеленский сайланғалы 2,5 жыл, яғни жарты мерзімі өтті, сөйте тұра ол үшін "бал айы" аяқталды. Кеше респонденттер арасында кезекті сұрау салу нәтижесі жарияланды. Ол бойынша Зеленскийдің "Слуга народа" партиясы екінші орынға түсті. Алғаш рет бұрынғы президент Порошенконың "Европейская солидарность" партиясы алдыңғы орынға шықты. Яғни халықтың көңіл-күйі өзгере бастады деген сөз. Халық кімнің дос, кімнің қас екенін айыра бастағандай.

Порошенконы олигарх, ішіп қойды-жеп қойды, анау-мынау деп барынша соттауға тырысып еді, онысынан түк те шықпады, аққа күйе жаға алмады. Сондағы қаупі осы еді ғой, түбі өзімді құртады деген болуы керек. Дегенмен ол да бізден жақсы, Заманбек, Алтынбек сияқты атып тастаған жоқ.

Бұдан былай екі партияның арасы біртіндеп алшақтай беруі тиіс меніңше. Порошенко партиясы келесі сайлау қарсаңында біршама қара үзіп кетуі мүмкін деп болжаймын. Ресей тв-сының алдауына, Зеленскийдің өтірік уәделеріне сеніп қалған аңқау халық енді қателеспеуі керек, осының өзі бірталай сабақ болған шығар.

Біздегі жағдайды тіпті айтудың өзі ұят. Батыс түгілі Украинадағы демократияның өзіне жету мұң-ау. Қараңызшы, қаншама партия тіркелген! Мамай бәрібір айтатынын айтып, жазатынын жазып жатыр, ендеше оның партиясын тіркей салуға несінен қорқады? Бәрібір сол айтқандарынан асырып ештеңе де айта алмас, солай емес пе? Қайта жақсатты көрінбей ме? Соншама топас па? Ал сұрау салу туралы тіпті айтпай-ақ қойса да болады. Ұятсыздар экзит-полға тыйым салады да сайлау қарсаңында нұротанның рейтингін жариялайды, масқара емес пе? Елді өздеріндей ақымақ санап әбден құртып болды.

Қуаныш Еділхантегі

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592