Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 4484 0 пікір 9 Шілде, 2012 сағат 12:55

Мырзаділдә Әбдірахман. Мезгілсіз аққан жұлдыз...

«Қартаймайтын секілді өлгендер еш,

Өкінем мен ой сондай өргенге кеш,

Бала кезде ғажайып түс көруші ем,

Ондай түсті үлкендер көрген де емес»,-деп ақын Жарас Сәрсек жырлағандай, бұл пәни дүниенің соқпақтары мен іркелістері таусылған ба? Ана құрсағынан шыр етіп түскеннен-ақ талбесікке жамбасың тиеді. Талбесікке тиген жамбас тұз-дәмін таусылған соң жербесік өзіне мәнгі сіңіріп алмақ. Бұл - өмірдің бұлжымас заңы. Тумақ барда өлмек бар деген жазмыштан құтылған пенде жоқ, болмасы айдан анық.

Адам ғұмыры өлшеулі ғана болса да бұл дүниенің қу тіршілігімен арпалысып, жанталаса ғұмыр кешу пенденің пешенесіне жазылған екен.   Сөйтіп жүріп, қамшының сабындай қысқа ғұмырдың қалай өте шыққаны да аңғарылмайды-ау. Соның өзінде жердің жарығын жамағандай, біреулерге көлгірсиміз, алды-артымызға қарамай мақтанамыз...

Қартыққа  ұрынып, бойдан қуат кете бастағанда ғана, "ой, дариға-ай, өткен өмір қайта айналып келмейді-ау, осы жасқа дейін не тындырдым" деп ар алдында есеп беруге тура келеді. Бұрынғылар "өткен күнде белгі жоқ", - деседағы қысқа ғана ғұмырын мәнді-мағыналы өткізген, кейінгі ұрпаққа өшпес із қалдырған азаматтар баршылық.  Солардың бірі әрі бірегейі - Жақсылық Молдабеков десем артық айтқан болмаспын.

«Қартаймайтын секілді өлгендер еш,

Өкінем мен ой сондай өргенге кеш,

Бала кезде ғажайып түс көруші ем,

Ондай түсті үлкендер көрген де емес»,-деп ақын Жарас Сәрсек жырлағандай, бұл пәни дүниенің соқпақтары мен іркелістері таусылған ба? Ана құрсағынан шыр етіп түскеннен-ақ талбесікке жамбасың тиеді. Талбесікке тиген жамбас тұз-дәмін таусылған соң жербесік өзіне мәнгі сіңіріп алмақ. Бұл - өмірдің бұлжымас заңы. Тумақ барда өлмек бар деген жазмыштан құтылған пенде жоқ, болмасы айдан анық.

Адам ғұмыры өлшеулі ғана болса да бұл дүниенің қу тіршілігімен арпалысып, жанталаса ғұмыр кешу пенденің пешенесіне жазылған екен.   Сөйтіп жүріп, қамшының сабындай қысқа ғұмырдың қалай өте шыққаны да аңғарылмайды-ау. Соның өзінде жердің жарығын жамағандай, біреулерге көлгірсиміз, алды-артымызға қарамай мақтанамыз...

Қартыққа  ұрынып, бойдан қуат кете бастағанда ғана, "ой, дариға-ай, өткен өмір қайта айналып келмейді-ау, осы жасқа дейін не тындырдым" деп ар алдында есеп беруге тура келеді. Бұрынғылар "өткен күнде белгі жоқ", - деседағы қысқа ғана ғұмырын мәнді-мағыналы өткізген, кейінгі ұрпаққа өшпес із қалдырған азаматтар баршылық.  Солардың бірі әрі бірегейі - Жақсылық Молдабеков десем артық айтқан болмаспын.

Ол Келес өңірінде туып, өсті, орта мектепті бітірді, кемелденді. Беретін келе, Ташкентте екі жоғарғы оқу орнын тәмамдады. Жақаң туралы бүгінде қалың қазақ біле бермейді. Ол өз тұсында білікті ғалым һәм айтулы ақын еді. Ғалымның алғашқы баспалдағына табан тіреп,  кандидаттық ғылыми дәрежеге қол жеткізген небары қырықтың алтысына жеткен шағында сұм ажал оны арамыздан әкетті.

Үлкен дарын иесінің көзіндей болып, артында келер ұрпақтың еншісіне өлеңдері, әндері, эсселері,  әңгіме-аудармалары қалды. Ақынның 1992 жылы Ғ.Ғұлом атындағы полиграфия-баспа бірлестігінен  "Көктемім менің" атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Жинаққа идеялық-көркемдік сапасы жағынан оқырман қауымды баурап алатын, тақырыптық арнасы кең шығармалары еніп еді.  Табиғат-туған жерге  арнау өлеңдері, әзіл-сықақтары, көркем аудармалары, эссе-естеліктері қамтылған жинақ ақынның айтар ойын, ішкі жан дүниесін оқырманға етене жақындатып, биік талғамға сай сомдай білгені бірден аңғарылады. Автор  "Көктемім менің" , "Көктем", "Сәулетті май", "Сайра, сайра сандуғашым", "Таңдарым менің" деген тақырып аясындағы жыр жолдарында жылдың ең әсем де әсерлі кезі адамзат пен жан-жануарлардың көктемдегі қимыл-әрекеті, шабытты еңбегі, той-думан, жыл құстарының мекеніне сағына жеткен сәті жайлы тың ойлы биік пафоспен жырлайды. "Көктем" өлеңінде:

 

Қар еріп, толып ақса, сай-салаға,

Келгендей көктем көшіп бай далаға.

Көк шығып, құстың қайта келістері,

Ұқсайды бейне албырт - жай балаға,

-деп думан мен шаттыққа толы мезгілдің әсерлі көрінісі беріледі.

Ал, өлеңнің қалған шумақтарында көкорай шалғынды шөп, көктемнің салқын желі, шұғылалы күн, масатыдай жайнаған даладағы гүлдер көрінісі реалистик тұрғыдан айқындалып, оқырманды өзіне тарта түседі.

"Таңдарым менің"  өлеңінде адам факторына айырықша мән бере отырып, мемлекет Конститутциясында әрбір азаматтың құқтары жайлы пікірін анық жеткізе алғанын байқаймыз. Жырдың өн бойында адам образы жанды сипатта сомдалғанын аңғарамыз. Автордың  кір жуып, кіндік кескен жеріне деген сағынышы ерекше жаңғырып тұр. Ол:

 

Туған жер, сұлуымсың,сымбатымсың,

Табиғат берген саған сұнғақ пішін,

Қараудан келбетіне тоя алмаймын,

Суретші орнатқандай сырлап мүсін,

 

- деген жыр жолдарында ақын өз ауылына, ондағы аға-інілеріне, келер ұрпаққа болған ілтипат сезімдері тілге орамды әрі жинақы етіп берілген.

Жақсылық Молдабеков өмірдің сан алуан тыныс-тіршілігінің ортасында жүріп, қазанында қайнап,  оны шынайы жырлаған ақын. Өзбек елінде қазақ тілінде  баспа орындарының жоқтығынан оның шығармалары дер кезінде жарық көрмеді. Жазған өлеңдері қолжазба түрінде жеке кітапханасында қалып қойды. Ақынның арнау өлеңдерінде үзенгілес достарын, інілерін жырлаған. Жақаңның "Ініме" атты арнау өлеңін оқығанымызда, адамның жан жүрегін елжіретіп, үлкен ой құшағына жетелейді. "Ағаға құрмет,ініге ілтипат" деген адамгершілік қағиданың өміршеңдігін ақынның өн бойынан табамыз.

 

Ағасы бардың  - бар дейді,

Қайыспай тұрар жағасы.

Ағаның ісін ал мейлі,

Төмендемесін бағасы, -  дей келе, іні жайлы дейді.

 

Інісі бардың - бар дейді,

Дем алып жатар тынысы.

Жаман болса інісі,

Ағаға қалар жұмысы, -  дейді.

 

Мұнда ақын жастардың дөрекіліктен, адамгершілікке жат психалогиядан арылуға, кесірлі жолға адым тастамауға кеңес береді.

Ақын өткен ғасырдың 60 - жылдары Ғани Мұратбаев туылғанының 100 жылдығына арнап  "Ғаниғa"деген өлең жазады

 

... Ғани деп сылдырлайды бұлағымыз,

Ғани деп түріледі құлағымыз.

Ғани деп сыңсып жатса терек-талым,

Ғани деп иіледі құрағымыз

 

-деген жыр-шумағында жастар көсеміне деген ыстық лебізін білдіру арқылы өскелең, кемел ұрпақты Ғани ағасындай болуға үндейді. Қоғам өмірінің өзгеруіне байланысты жастарды реформа талаптарына сай болуға шақырады.

Туған жер, өскен орта әр бір ақын қаламына негіз болған, әрі толқытып отырған. Өйткені, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік ақын жанын шабытқа бөлейді. Елден жырақта жүрсе де, аңсары ауып, құрбы-құрдастарымен өткізген қызықты күндерін бір сәт еске алады. Ақынның «Келесім», "Мектебім","Шопан"тақырыптардағы өлеңдері оқырман жүрегіне жылылық ұялатады. Ұйқыс жолдарына жіті үңілсек, өлеңдерінде лирикалық сарын өте басым. Ақын бойында табиғилық, қарапайымдылықбары сезіледі.

Ол өзінің қысқа ғұмырында ғылымның өркендеуіне мол үлес қосты, өнердің сан қырлы жанрларымен айналысты. Сазгерліктенқұалақан емес-тін. "Келесім","Балалық шақ" өлеңдерінің сөзі мен музыкасын өзі жазды. Көпшіліктің қатысуымен өтетін мәдени іс-шаралырда оның өлеңдері күміс көмей әншілердің орындауымен шырқалып та жүр.

Жақаң - сатирик ақын да еді. Оның "Сымбат-ай, іске оның қымбаты-ай", "Жүз грамның әлігі", "Жұмысы біткен екен" деген қалжың өлеңдерінде жалқаулыққа, бойкүйездікке салынғанды сатира найзасына іліктіріп, әбден сынап мәзі етеді. Сын түзелмей, іс түзелмейді - демекші жастардың жаманәдеттерден арылуына, дұрыс жолға түсіуіне жол сілтейді.

Қаламгер түбі бір түркі бауырлар өзбек театр сахна өнеріне мол үлес қосумен бірге, халықтар достығына ерекше мән берді. Драматург  Васит Халиловтың "Сынған қанат" , "Нәтиже" атты сатиралық итермедияларын қазақ тілінде шебер сөйлете білді.  Шығармадағы әрбір кейіпкердің сөзін ықшамдап аудару барысында нағыз шеберлік танытқанын, оқырмандардың оң бағасын алғандығын байқауға болады.

Биік талант, ғалым әрі қаламгер, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт ағасын жақсы білетін достары ағалары қаламгер жайлы өз естеліктерін жастарға айтып отырады.

Экономика ғылымының докторы, профессор Нутфулло Хожаев: "Оның арманы өте көп еді. Уакыт талабынан туындаған ғалым - экономикалық кибернетика саласының автоматтандырылған басқару-жүйесі бойынша алғашқылардың бірі болып, кандидаттық диссертация қорғады. Ол ғылыми жұмыстарға үлкен қиыншылықтарды жеңе отырып, еңбексүйгіштігі арқылы қолы жетті. Досына адал, әріптестеріне шынайы мнезімен дараланды... " деп еске алған.

Адамгершілік, серілік, ілтіпат - Жақаңның бойына біткен қасиеттер іспетті. Оның істейтін сый-сияпаттары тек ауылда, үйде жүргенде ғана емес, «қырық қадам алысқа шыққан мүсәпірлік» сапарда да қалған емес.  Ал, оның дүниеге көзқарасы, елге, адамдарға деген махаббаты, ғылымдағы жаңалықтары, қаламгерлікте өзінен кейінгіге қалдырған нақыл сөздері мен өлең жолдары халықты тәнті ете алған, - деп жазған Ташкент қаржы институтының професоры Қажыакбар аға Сәлімов.

Ағамыздың досы физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Жорабек Қалтұрсынұлы өз естелегінде:  "Өлер бала - өзгеше", - дейді дана халқымыз. Жақсылық өз қатарларының ішінде шоқтығы биік тұратын, ерекше жан еді...   1988 жылы желтоқсанның 28-жұлдызында оның ауыр жағдайда екендігі туралы Ташкенттен суық хабар естідім, екі күннен соң оның қайтыс болғанын білдік. Дүйім ел-жұрты, достары жиылып, өзі балалық шағын өткізген Қаратөбенің бауырына - Молдабек атасының жанына Жақаңды жерледік»...

Иә, қайран есіл ер, Жақсылық аға шын мәніндегі хас талант иесі еді.  «Жақсыға жүрім жоқ ...» демекші, өксігін баса алмай кеткен ағамыз қазір тірі болғанда 70 жасқа толған болар еді, амал нешік.

Көңілге медеу болатыны, Жақсылық ағамыздың көкейінен жарып шыққан өлеңдері, әндері,айтып кеткен асыл сөздері қалың жұртшылықтың есінде мәнгі сақтала беретіндігі.

Мырзаділдә  ӘБДІРАХМАН,

экономика ғылымдарының кандидаты,

доцент.

Астана.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1538
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3321
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6040