Жексенбі, 24 Қараша 2024
2234 0 пікір 25 Қазан, 2021 сағат 15:38

ҰҚШҰ тәжік-ауған шекарасында жаттығу өткізді

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ауғанстанмен шектесетін Тәжікстан жерінде кезекті әскери жаттығуын аяқтады.

Онда жаттығу "тәліптер әскери көліктермен содырларын тәжік аумағына жіберді" деген сценарий бойынша өткен.

Онда сценарий бойынша, әуе ұшағы арқылы барлаушылар бұл ақпаратты шекара қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жібереді. Ал әскерлер дереу содырлар мінген көліктерге қарсы шабуыл жасауы тиіс.

"Тәжікстанда өткен әскери жаттығу егер Ауғанстанда жағдай ушығып кетсе, ҰҚШҰ-ның жауап беруге дайын екенін көрсетті", - дейді әскери жаттығуға жетекшілік еткен генерал-полковник Александр Лапин. Ол дәл осындай жаттығу қараша айында да өтетінін жеткізді.

Бұл жолы ҰҚШҰ-ға мүше елдердің төрт мың әскері мен 500-ден астам шабуылға төтеп беретін көлік қатысқан.

"Талибан" қозғалысы Ауғанстанда басып алған кезде, көрші елдерге шабуыл жасамаймыз деп уәде еткен. Бірақ Орталық Азия елдері, әсіресе Тәжікстан бұл жағдайға алаңдайды. Тәжікстан билігі қауіп төніп жатса, Ауғанстаннан қашып жатқан босқындарға төтеп бере алмаймыз деп қорқады.

ҰҚШҰ-ға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570