Жексенбі, 24 Қараша 2024
2263 3 пікір 26 Қазан, 2021 сағат 11:43

Талапкер тұрғындары: «Бізге – су, жарық пен жол керек»

Ел астанасы Нұр-Сұлтанның алты шақырымдық жерде орналасқан Талапкер ауылының тұрғындары тағы да көшеге шықты. Тек шыққан жоқ, билік тізгінін ұстағандарға талаптарын айтып, дабыл қақты. Олардың айтуынша, ауыл тұрғындарының басты талабы – жол. Дәлірек айтсақ, тегіс жолдың жоқтығы. Көктем-күзде жауын жауса, жұрт көшеге шыға алмайды. Жуырда оншақты адам (ауыл тұрғындары) бастаған істі аяқтап, барлық жолдарды жөндеуден өткізуді талап етіпті. Inbusiness.kz сайты солай деп жазады.

Бұл туралы ауыл тұрғындары Instagram желісіне ақпар таратқан. 2018 жылы аталмыш елдімекенде жол жөндеу жұмыстары басталған екен. Арада үш жыл уақыт өткен. Сол басталған жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Ағымдағы жылдың мамыр айында аудан әкімі ауыл тұрғындарына уәде беріп, жол жөндеу үшін тағы қосымша 800 млн теңге бөлінетінін айтқан екен.

«Бұл біздің жанайқайымыз. Үш жылдан бері созылып келе жатыр. Қаржыландыру жағы мәз емес. көктемде, күзде мына жолмен жүрі мүмкін емес. қосымша 800 млн теңге бөлінеді деп уәде берген. Енді біз Республикалық  бюджеттік комиссия бұл бастаманы мақұлдамапты деп естідік. Содан міне, жөндеу жұмыстары тоқтап қалды. Көшелердің жөндеу жұмыстары аяқсыз қалды. Келер жылы да дәл осылай тоқтап қалу қауіпі бар, әрине. Біз осы 800 млн теңгені мердігерлерге төлеуді талап етеміз. BI Group компаниясы, «Автодор-НС» бөлімшесінде осыдан екі ай бұрын болдық. Олар бізге қарайласып, қазір өз қаражаттары есебінен жұмысты жалғастырмақ. Бірақ, олардың бюджеті де тапшы ғой», - дейді ауыл тұрғыны Амагелді Мұратов.

Ал наразылық акциясына жиналғандар: «Жол жоқ, қашанғы күтеміз? Бізге уәде етілген қаражатты аударыңыздар», - деп дауыстады. Олар сондай-ақ, мемлекет қазынасынан ауданға бөлініп жатқан бюджеттің қандай мақсаттарға жұмсалып жатқанын тексеруді де талап еткен.

«Республикалық комиссиядан біз осыны тексеруді талап етеміз. Қаржы министрлігінен, Бджеттік комиссиядан, Үкіметтен ақшаның қайда жұмсалып жатқанын тексеруді сұраймыз. Тапсырыс ьеруші бар, оны неге қудалап жатыр? Ал жол сапасы сын көтермейді. Неге мұны олар емес, біз бақылауымыз керек? Бізге керегі қарапайым ғана – су, жарық пен жол», - дейді ауыл тұрғындары.

Goszakup.kz сайтының дерегінше, жол жөндеу жұмыстары 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс екен. Тапсырыс беруші ретінде «Целиноград аудандық автожол және жолаушылар тасымалы бөлімі» ММ көрсетілген. Ал орындаушы «АБК-Автодор НС» ЖШС. Целиноград ауданынындағы Талапкер ауылының ішкі жолдарын күрделі жөндеуден өткізу туралы негізгі келісімшарт 2019 жылдың мамыр айында жасалыпты. Сомасы – 4,17 млрд теңге. Ол бойынша, жергілікті бюджеттен 2019 жылы 99 969 теңге, 2020 жылы 2,3 млрд теңгеден астам  және 2021 жылы 1,85 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді деп жоспарланыпты. Ал құжаттарға қарағанда төлемдер толықтай жасалмаған. Атқарылған жұмыстар актісінің мәліметінше, қазіргі таңда бекітілген сома – 314,9 млн теңгені құрапты.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 2021 жылдың шілдесінде Талапкер тұрғындары биліктілерге шағымдарын айтып, наразылық білдірген. Ол кезде ауыл тұрғындары ауыз судың жоқтығына шағымданған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560