Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
Саңлақ 4653 0 пікір 26 Қазан, 2021 сағат 14:05

Қазақстандық шахматшылар Азияда топ жарды

Шахматтан қыздар арасында өткен Азия чемпионатында қазақстандық шахматшылар екі алтын, екі күміс алды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы хабарлады.

22-24 қазан аралығында онлайн режимде өткен жарысқа қазақстаннан 11 шахматшы қатысқан.

Әйелдер арасындағы ФИДЕ шебері Ксения Балабаева 16 және Елназ Қалиахмет 12 жасқа дейінгі категориялар бойынша Азия чемпионы атанды. Чемпионат жеңімпаздары Алтын сертификаттармен марапатталады.

12 жасқа дейінгі қыздар арасында Нұрсұлу Оразалина Азия Чемпионатының күміс жүлдегері атанса, 10 жасқа дейінгілер арасында Айару Алтынбек екінші жүлдені жеңіп алды. Күміс жүлдегерлерге де Күміс сертификаттар табысталады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 412
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1483
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 380
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 356