Жексенбі, 24 Қараша 2024
Бетбұрыс 3922 0 пікір 29 Қазан, 2021 сағат 15:01

Қазақстандағы киберспорт деңгейі қандай?

Бүгінде киберспорт әлемнің көптеген елдерінде дамып, тіпті олимпиадалық ойындар қатарына қосылу мүмкіндігіне ие болуда. Киберспорттың дамуы тек қана көңіл көтеру контенті емес, сонымен қатар мемлекеттің даму деңгейін де анықтайды. Атап айтқанда интернет жылдамдығы, үздіксіз таралуы мен арзандығы мемлекеттің потенциалын анықтаушы факторлардың бірі. 

Киберспорт Қазақстанда ресми спорт түрі ретінде 2018 жылдың жазында мойындалды. Содан бері киберспорт индустриясы қарқынды дамуда. Жалпы, осы уақыт ішінде Қазақстан киберспорт федерациясы 15-тен астам бағыт бойынша әртүрлі деңгейдегі 435-тен астам турнир ұйымдастырды. Сонымен қатар, жаңа аудитория тарапынан қызығушылықтың артуы бизнестің аталмыш салаға енуіне ықпал етті. Мәселен, елдегі кибержарыстардың жүлдесі 2019 жылғы 17,3 миллион теңгені құраса,  өткен жылы рекордтық 127 миллион теңгеге дейін өскен. Ал биылғы жылдың он айында 73 миллион теңгеден астам қаржыны құрады.

Дегенмен, саланың өсуінің маңызды көрсеткіштерінің бірі киберспорт бағыты бойынша білім беру ұйымдарының пайда болуы болмақ.  Өйткені бұл нарық жаңа мамандарды қалыптастыруды талап етеді. Осы жылдың қыркүйегінде Қазақстан эспорт федерациясы (QCF) жаңа жоба – eSportsHUB Esports Academy жобасын іске қосты. Эспорт академиясы нені үйретеді?

eSports HUB — киберспорт чемпиондары мен киберспорт индустриясының көшбасшыларын оқытуға арналған кәсіби ұйым. Білім беру ұйымы қазақстандықтарды киберспорттың әртүрлі пәндері бойынша оқыту және ойын дағдыларын жетілдіру бойынша қызметтер көрсетеді. Мәселен, осы жылдың қазан айында академияда PUBG Mobile бойынша пилоттық курс басталды. Сонымен қатар, академия базасында Bootcamp орталығы мен TCB (оқу лагерлері) базасын ұйымдастыру дайындалуда – мұнда киберспортшыларға арналған жаттығулар өтеді. Сондай-ақ, стриминг, пікір жазу және талдау мектебі, оқу орталығы, киберспорт төрешілерін, жаттықтырушылар мен менеджерлерді сертификаттау, спорттық бағдарламалау бойынша оқу орталығы іске қосылуда. Мұның барлығы қазіргі мамандардың құзыреттілігін арттыруға, ең бастысы, киберспорт нарығы үшін жаңа кадрларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

"Біз бұл жобаны іске қостық, өйткені біз жоғары сапалы кадрларсыз, халықаралық деңгейдегі мамандарды дайындайтын бірыңғай орталықсыз сала дами алмайтынын түсінеміз. Саланы дамытудың білім беру базасын қалыптастыруға қатысты федерацияның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы бар. eSports HUB жобасы әлемдегі ең жақсы киберспорт ұйымдарының деңгейінде. Академияға қосылыңыз және киберспорт тек ойыншыларға ғана емес екенін есте сақтаңыз. Мыңдаған адамдар салада өз мансабын ойыншы ретінде ғана емес, сонымен қатар өз салаларындағы мықты маман ретінде қалыптастырады. Онда сала бойынша түсініктеме беруден SMM-ге дейінгі қызметтер жетерлік ", - деп түйіндейді  Қазақстан Республикасы Киберспорт федерациясының атқарушы директоры Қазбек Жанғазиев

"Қазақстандағы киберспорт өзінің "кәмелеттік жасына" жетіп, кәсіби қызметтің маңызды түріне айналды. Біз "кәсіби қызмет" деген сөз тіркесін ерекше атап өткіміз келеді. Осыдан 20 жыл, тіпті 10 жыл бұрын ол әлі де жасөспірімдердің ойыншығы болатын, ал қазір олай емес. Бұл Dota 2 киберспорт дисциплинасы бойынша халықаралық жарыста Ресей құрамасының жас жігіттерінің жеңісімен расталып, олар 18 миллион АҚШ доллары көлемінде керемет ақшалай сыйлық алды. Кәсіби киберспортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер, комментаторлар және киберспорт менеджерлері керек. Осыған байланысты QCF осы мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін киберспорт академиясын ашу туралы шешім қабылдады", - дейді eSports HUB директоры Талант Рамазанов. .

Рамазанов сонымен қатар компьютер немесе мобильді ойындарды ойнау киберспорт емес екенін түсіну керек екенін атап өтті. Оның пікірінше, киберспорт – бұл нақты әдістеме, дағдыларды дамыту, алға қойған мақсатқа жету, бұл күрделі интеллектуалдық даму, жеңіске жету жолын (ойында ғана емес, өмірде де) үйрену, салауатты өмір салты дағдыларын міндетті түрде тәрбиелеу. Киберспорт академиясының алдына киберспортшыларды даярлау саласында жаңа биік белестерді орнату және Қазақстанның көк байрағы астында әлемдік орбитаға жаңа эспорт жұлдыздарын шығару үшін база құру мақсатын қойып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543