Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2627 0 пікір 11 Шілде, 2012 сағат 08:48

БАС МҮФТИДІҢ ҮНДЕУІНЕ ШЫҒЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ДЕ ҮН ҚОСУДА

Редакциядан:

Жігіттер" квартетінің кезекті гастролге шығып кетуіне байланысты аталған топпен Абай.кз оқырмандарының арасындағы интернет-конференция кейінге қалды.

"Абай-ақпарат"

Санаулы күндерден соң күллі мұсылман әлемі асыға күткен Рамазан айы да басталады. Дініміздегі ұлық ғибадат түрлерінің бірі ораза қарсаңында ҚМДБ мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің «Жарылқаушы айда көп жақсылық жасайық» атты үндеуі жарияланғаны белгілі. Үндеуде Рамазан айының құрметіне министрліктер мен түрлі сала жетекшілеріне, облыс, қала, аудан басшыларына, кәсіпкерлерге азық-түлік пен қоғамдық қызметтердің бағасын 10 пайызға арзандатып, жеңілдік жасауға шақырған еді. Осы орайда еліміздің әр түкпірінде дінбасының игі бастамасына үн қосып жатқандар қатарын шығыс өңірінің кәсіпкерлері де толықтыруда.

Атап айтсақ, Бас мүфтидің үндеуіне орай Семей қаласындағы бірқатар сауда орталықтары өз сөрелеріндегі дінімізде харам етілген ішімдіктерді сөреден алып, азық-түлік пен тұтыну тауарлары бағасын арзандату арқылы жамағатқа жеңілдік жасайтынын мәлімдеуде. Осыған орай ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы Ержан қажы Маямеровке қаладағы кәсіпкерлер тарапынан қолдау хаттар көптеп келіп түсуде. Олардың қатарында «Ali Trad» «ЖК Менханов» және «Алмо» т.б. сынды бірқатар мекемелер бар. Сауда үйлерінің басшылары Рамазан айының құрметіне орай, Бас мүфти атап өткендей, өз сауда нүктелеріндегі тауарлар бағасын 10-нан 25 пайызға дейін жеңілдікпен өткізетіндерін де айтады. Әр жылы ораза қарсаңындағы Бас мүфти үндеуіне үн қосып, қасиетті айдың халық арасындағы қадір-қасиетін артыруға Семей өңірінде де елеулі үлес қосылады. Әйтседе, биыл ізгілікті іске ниет белдіріп отырғандар қатары артып отыр. Оның себебі де жоқ емес секілді. Өйткені, ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы Ержан қажы Маямеров жергілікті БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді жолға қойған болатын. Мысал келтіре кетсек, маусым айының соңындағы ел журналистерінің кәсіби мерекесіне орай Әнет баба атындағы қос мұнаралы мешітте баспасөз бен телеарна қызметкерлеріне арналып дастархан жайылып, мерекелік сыйлықтар тарту етілген болатын. Осынау шара барысында Ержан Малғажыұлы Бас мүфтидің үндеуін Семей өңіріндегі халыққа жеткізуге үлес қосуларын да өтінген болатын. Жалпы, Шығыс аймақтағы БАҚ қызметкерлері ҚМДБ-ның жергілікті өкілдігіне үнемі ақпараттық демеушілік танытып келеді. Өңір жұртшылығының дінбасы үндеуімен құлақтануына бұл да себебін тигізгені анық. Одан бөлек, төл дініміздің насихатталу деңгейі де жыл сайын арта түсуде. Имандылықты, салауатты өмір салты мен елдің әлеуметтік ахуалының оңала түсуін жоғары қоятын семейлік кәсіпкерлер мен мекеме басшыларының бұл игілікті қадамы осының айқын айғағы болса керек.

Қуаныш Қожа Семей қаласы.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377