Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 2026 0 пікір 25 Қыркүйек, 2021 сағат 18:00

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының өкілдері «Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық Бірлестігімен кездесті

Бүгін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Лима Диас Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді. Ол жұмыс сапары аясында гранттық жобаларды іске асыру бойынша әріптес ҮЕҰ өкілдерімен, соның ішінде «Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық Бірлестігімен кездесті.

Қазіргі уақытта «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі «Қаржылық сауаттылық отбасында басталады» онлайн жобасын жүзеге асырып отыр
Кездесу барысында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Лима Диас халықтың қаржы мәселелері бойынша сауаттылығын арттыруға, қылмыстық жазасын өтеген жастарды оңалтуға, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарды жұмысқа орналастыруға, әлеуметтік кәсіпкерлікті насихаттауға бағытталған бірқатар жобаларды іске асыру барысымен танысты. Сондай-ақ, жобаны жүзеге асыру барысында кездескен қиындықтар мен оны шешу жолдары қарастырылып, одан әрі ынтымақтастықтың перспективалар талқыланды.
Шындығында, әлеуметтік жобалар – қоғам үшін маңызды әрі өзекті мәселелерді шешуге арналған, орасан зор еңбекті қажет ететін қызмет. Ал белгіленген міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізу үшін белгілі, яғни мақсатты аудиторияның болуы лазым. Сондықтан да «Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі халықты қаржылай сауаттылыққа үйрету мақсатында бизнес-тренерлерді тарта отырып, жас және көп балалы отбасылар үшін кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, отбасылық бюджетті дұрыс бөлу туралы курстар ұйымдастырып отыр.

Бұл тұста, «Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі үшін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесе отырып, әлеуметтік жобаларды іске асыру үлкен жауапкершілік.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290