Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2970 0 пікір 13 Шілде, 2012 сағат 12:35

«Мәйiтханадағы саны 14 емес, 8...» қалғаны қайда, “Арқанкерген” ақиқаты ашыла ма?

"Арқанкерген" шекара бекетi­нен табылған үш мәйiттiң нақты аты-жөнi 13 шiлде күнi жариялануы мүмкiн. Бұл туралы ҚР Бас әскери прокуратурасы "Жұма күнi нақты белгiлi болады: нәтиже шығуы мүмкiн немесе әрi қарай уақытты ұзартуы ықтимал", - деп мәлiмде­дi. Әйтсе де әскери прокуратураның "нәтиже шығуы мүмкiн немесе әрi қарай уақытты ұзартуы ықтимал" деген сөзi көңiлге кiрбiң ұялатуда. Өйткенi үш сарбаздың ата-анасы Германиядан келген мамандардың сараптамасын бiр жарым айдан (45 күн өттi - автор) берi сар­ғайып күтiп жүр.

"15 адамды бiр өзiм жай­ра­тып салдым" деген Владислав Челахқа ҚР ҚК-нiң 96-бабы, 2-бөлiгiнiң "а" тармағы бойынша айып тағылды. Әйт­се де Владислав Челахтың бұл қылмысты жасағанына оның ата-анасы түгiлi, қаза тапқан шекарашылардың туған-туыстары да сенбей­дi. Мәселен, шекарада қаза тап­ты делiнген Мейiрхан Име­новтiң әкесi "Челахтың кiнәлi екенiне де сене алмаймыз. Тiптi әс­кер­ден хабары жоқ адамның өзi мұндай iстi 19-дағы жас бала жалғыз жасады дегенге нана ма?!» - дейдi Азаттық радиосына берген сұхбатында.

Бiр Сағындық Именов қана емес, өзге де шекарашылардың ата-аналары "14 сарбазды Владислав Челах атты" деген болжамға сенбейтiндерiн бiлдiруде. Өйткенi шекарадағы қанды қырғынға байланысты тиiстi орындар әлдененi жасырып отыр. Мәселен, қаза тап­қан әскерилердiң мүрдесiн астанадағылар ата-аналарына көрсетпеу­ге тырысқан. "Көрсетпеймiз, се­бе­бi көретiн ештеме жоқ - бәрi күл болып кеткен" дедi. Бiрақ Атыраудан барған төрт ата-ана баламыздың сүйегiн көрмей қан бермей­тi­нiмiздi айттық. Ал мәйiтханаға кiргiзгенде 14 емес, бар болғаны сегiз шақты адамның мәйiтi бөл­шек­тенген күйде жатты. Кейбiрi тiптi ескi сүйектер - оны айыра алатындай халiмiз бар", - дейдi Сағындық Именов.

Сағындық Именовтiң мәйiтхана­дағы мүрделердiң саны 14 емес, 8 деп айтуы күдiкке күдiк қосады. Ал оның кейбiрi тiптi "ескi сүйектер" болса, "Арқанкерген" ақиқатының анық-қанығын анықтау сиырқұйымшақтанып кететiн түрi бар. Өйткенi шекарадағы шындықтың жария болуына саяси ықпалы жоғары атқа­мiнерлер мүдделi емес. Бұл топ­қа қаза тапқан азаматтардың қаны мен олардың ата-аналарының көз жасы аса маңызды болмаса керек. Ал мәйiтi әлi күнге дейiн анықталмаған ата-анаға облыстық ҰҚК департаментi мен әскери прокуратура қызметкерлерi "сараптаманы күтiңiздер" деген. Әйтсе де әскери прокуратура күнi кеше "нәтиже шығуы мүмкiн немесе әрi қарай уақытты ұзартуы ықтимал", - деп екi ұшты жауап бердi. "Баламыздың тағдыры жайлы үнсiздiк созыла түскен сайын шикiлiктiң барына көзiмiз жете түскендей. Әйтпесе неге бiзге жарытып жа­уап айтпайды", - деген Сағындық Именов: "Бәлкiм, баламды сатып жi­берген шығар. Бәлкiм, ертең "өлдi" деп хабарлап, оны әдейi өлтiрiп әкелiп берсе де, бiр Алла бiледi. Қалай десе де ұлым , әлдебiр ойынның құрбаны болып отыр. "Жоғарыдағылар айтпайды" дегенге қарағанда, бәрi Астана жақтан шығып жатыр", - деп болжайды.

ГЕНЕРАЛ-ЛЕЙТЕНАНТ НЕГЕ ЕКI СӨЙЛЕДI?

Жоғарыда 15 адамды Владислав Челахтың бiр өзi өлтiргенiне қаза тапқан шекарашылардың ата-аналары да сенбейтiнiн жаздық. Сондай-ақ қазiргi кезде Челахтың қылмыскер екенiне халықтың басым бөлiгi күмән келтiредi. Әу баста тiптi мәжiлiсмен Абай Тасболатовтың өзi "мұндай сойқанды жасауға жалғыз адамның шамасы жетпейдi" деген едi. "Жас Алаш" газетiне берген сұхбатында бұрынғы ҚР ұланының қолбасшысы "Қазiргi кезде шекарашылардың өмiрден өтуiне Владислав Челах кiнәлi деп жатыр. Әскери адам ретiнде айтайын, осыншама адамды бiр ғана адамның өлтiруi мүмкiн емес. Өйткенi мұндай сойқанды жасауға жалғыз адамның шамасы жетпейдi. Бұл қанды қыр­ғын бiрнеше адамның ұйымдастыруымен жасалды деп ойлаймын. Демек, мұны бiр немесе үш адам жасай алмайды. Былайғы жұрт Қазақ-Қытай шекарасында болған оқиғаға байланысты түрлi қауесет айтып жатыр. Бiрақ шын мәнiнде бұл өз iшiмiздегi жағдайға байланысты болуы мүмкiн. Менiң ойымша, өзiмiздiң iшiмiзде бұзақылардың "разборкасы" немесе әскерилердiң арасындағы әлiмжет­тiк болды. Десек те, бұл туралы нақты бiрдеңе деу қиын", - деген едi.

Сондай-ақ "Арқанкергендегi" қанды қырғынды "таза бандитизм" деп бағалаған Абай Тасболатов "Әйтсе де, мұның ақ-қарасын тергеу жұмыстарынан кейiн ғана бiле аламыз", - деген-дi. Ал "Халық сөзiне" берген сұхбатында ол "Қазiр осы жағдайға байланысты әр түрлi пiкiрлер айтылып жатыр. Бәзбiреу­лер оқиғаға тiкелей кiнәлi болған Челахты ақтап алғысы келедi. Мұндай озбыр адамды ақтауға өз басым қарсымын. Оның ата-анасы, жақындары араша сұрап жүр. Әрине, кiм баласын темiр торға жiберiп, қарап отырғысы келедi?! Қарға да баласын аппағым демеушi ме едi? Шекарамызға қастандық ұйымдастырған адам мiндеттi түрде қатаң жазасын алуы керек" дептi.

Мәжiлiсменнiң "Жас Алашқа" берген сұхбатына сенемiз бе, әлде "мұндай озбыр адамды ақтауға өз басым қарсымын" деген пiкiрiне сенемiз бе? Әскери шенi генерал-лейтенант А.Тасболатов алғашқы пiкiрiнен бас тартып, Челахты айыптауға неге мәжбүр болды? "Өзiңнен зор шықса, екi көзiң сонда шығар" демекшi, Абай Тасболатовтың ал­ғашқы айтқан сөзi әлдекiмдерге жақпай қалды ма? Әйтеуiр "Арқанкерген" қасiретi генерал-лейтенантты екi сөйлетiп, ұятты еттi.

Серiк ЖОЛДАСБАЙ,

Астана

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379