Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 1927 0 пікір 8 Қазан, 2021 сағат 19:18

"Рухани жаңғыру": Қостанай рухы көтерілуде

«Рухани жаңғыру» барынша қарқынмен өтіп жатыр. Қалалар мен ауылдардың ескерткіштері мен мүсіндік құрылымдары өлке тарихы мен мәдениетінің көрнекі көрінісі екені анық. Қостанайда бұл тұрғыдан 127 нысан болса, оның 64-і, яғни жартысына жуығы егемен Қазақстан жылдарында бой көтерген. Ел тәуелсіздігінің таңы атқан шақта Қостанайда бір ғана ескерткіш – Бейімбет Майлиннің бюсті тұрғызылған еді.

2000 жылдың басынан бері жағдай күрт өзгерді: енді екі-үш жыл сайын Қостанайда батырлардың, ғалымдардың, ақындардың, ағартушылардың жаңа мүсіндері пайда бола бастады, сол арқылы олардың есімдері мәңгілікке қалды. Бюсттер мен мүсіндерді орнату негізінен белгілі бір оқиғаға орайластырылған. Мәселен, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қалада Қобыланды батырдың ескерткіші ашылса, араға бір жыл салып, 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шақшақ Жәнібекке ескерткіш орнатылды.

Бұл тұрғыдан алып қарасақ 2019 жыл ең жемісті жыл болды. Содан кейін Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу мақсатында Қостанайда «Даңқ аллеясы» ашылып, оған Кеңес Одағының батырлары мен Даңқ ордені иегерлерінің 41 бюсті орнатылды.

Жуырда ғана бой көтерген ескерткіштердің қатарында Орталық алаңға кіре берістегі Ыбырай Алтынсарин мүсіні мен биылғы жылы Жаңа жағалауға орнатылған ғалым Кенжеғали Сағадиевтің ескерткіші бар. Бірегей ескерткіштердің қатарында тракторшы, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаеваның бюсті бар. Бұл Қостанайдағы есімі қоламен мәңгілікке қалған жалғыз әйел.

Шынында да, жалпы алғанда, ескерткіштер қаланың сәулеттік безендіруі ғана емес, мәдени мұраның ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол патриоттық сезімді қалыптастырады, адамгершілікке шақырып, эстетикалық қабылдауға үйретеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583