Сенбі, 23 Қараша 2024
Ел іші... 2882 1 пікір 4 Қараша, 2021 сағат 14:41

Індет өршіген тұста Цой демалысқа шықты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еңбек демалысына шықты. Бұл туралы вице-министр Марат Шоранов мәлімдеді.

Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрақтарына жауап берген ДСМ вице-министрі Марат Шоранов: «Алексей Владимирович еңбек демалысында. Келесі аптаға, дүйсенбіге дейін бір апталық қысқа еңбек демалысы», - депті.

Айтпақшы, вице-министр Шоранов Қазақстанға «Pfizer» екпесінің келесі аптада әкелінетінін де айтыпты. «Pfizer вакцинасы Қазақстанға осы жылдың 8-14 қарашасы аралығында жеткізіледі деп күтіп отырмыз», - дейді кіші министр.

Осыған дейін министр Цойдың американдық компания өкілдерімен келіссөздерді бастағанын мәлімдеген. Кейін, «Pfizer» екпесі тек жүкті әйелдер мен балаларға салынатыны айтылды. Онан соң, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова «Pfizer» екпесінің 4 млн дозасы елге жеткізілетінін хабарлап айтты.

Америкалық «Pfizer» және германиялық «BioNTech» компанияларының бірлесе әзірлеген вакцинасының тиімділігі 95 пайыздан асады. «Pfizer» - ДДСҰ мен Еуропа алғаш мойындаған вакциналардың бірі.

Сонымен, министр Цой қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты. Ал елдегі эпидемиологиялық ахуал қандай? «Coronavirus2020.kz» сайтының мәтіметінше, өткен тәулікте (3 қараша) коронавирус індетін жұқтыру фактісі көбейген.

Өткен тәуліктегі Сovid-19  статистикасы:

Жұқтырғандар саны – 1396.

Қайтыс болғандар саны – 29.

Тәулік ішіндегі коронавирустық пневмония статистикасы:

Жұқтырғандары саны – 109.

Қайтыс болғандар саны – 8.

Айтпақшы, аталған материал дайындалып жатқанда президент Тоқаев Қазақстанда қайта вакцинациялау науқанын бастау туралы тапсырма беріпті.

«Мұның бәрі екпе салу қарқынының төмендеуінен болып отыр. 9 айда халықты қамту шамамен 40 пайызға жетті. Әлем елдері халықты қайта вакцинациялауға кірісті. Біз белсенді науқанды наурыз айында бастағанымызды, ревакцинация мерзімі жақындағанын ескеріп, үкімет пен әкімдер халықты ревакцинациялау науқанына кірісуі керек», - деді Президент моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354