Сенбі, 23 Қараша 2024
2536 3 пікір 5 Қараша, 2021 сағат 16:13

Навальныйға колонияда қысым жасалуда

Саясаткер Алексей Навальныймен бір колонияда отырған Нариман Османов пен Евгений Бурак "Дождь" телеарнасына оппозиционерге қамауда қалай қысым көрсетілгені туралы айтып берді.

Османовтың сөзіне қарағанда, колониядағы отряд Навальныйға қысым көрсету мақсатында арнайы жасақталған. Отрядтағылардың бәріне Навальныймен сөйлеспеуді, оның әрбір қадамын жазып отыруды алдын ала ескерткен.

Евгений Бурактың "Дождь" телеарнасына баяндауынша, колонияда кем дегенде он адам Навальныйға үнемі жүрген. Саясаткер әжетханаға барған уақытта да оның соңынан қалмаған. Олар үнемі оппозиционерді арандатумен болған. Алайда Навальный олардың арандатушылық әрекетіне көнбеген.

Османовтың айтуынша, колонияда Навальныйды жазасын өтеушілер алдында жаманатты ету мақсатында фильм көрсетілген. "Бұл дәрісті мекемедегілердің бәріне көрсеткен. Фильмдегі басты ой - оның [Навальныйдың] дәстүрлі емес жыныстық көзқараста екеніне сендіру", – дейді Османов. Оның айтқандарын Евгений Бурак та растады.

Османов саясаткердің колонияда ашыққаны туралы да айтып берді. Ашығу кезінде Навальныйдың қасына туберкулезбен ауырады делінген бір адамды орналастырған, бірақ онысы өтірік болып шыққан. Күндердің бірінде колонияға жарты қап шұжық алып келіп, Навальныйдың сағын сындыру үшін шұжықты қуырған.

Оппозициялық саясаткер Алексей Навальный биыл қаңтарда Германиядан Ресейге оралған уақытта ұсталды. Оны Германияға "Новичокпен" уланған уақытта алып барған. Навальныйдың айтуынша, оны Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері улаған. 2 ақпанда сот саясаткерді Владимир облысы Покров қаласындағы колонияға жіберді.

31 наурызда Навальный аштық жариялап, үш апта бойы тамақ ішпеді. Ол колонияға тәуелсіз дәрігерлерді жіберуді талап етті.

Адам құқықтарын қорғаушылар, бірнеше елдің билігі, Нобель сыйлығының иегерлері мен әлем жұлдыздары Навальныйға араша түсті. Саясаткерді қолдаушылардың наразылық акциялары Ресей мен әлемнің ондаған қаласында өтті. Ресейдегі акция кезінде мыңға жуық адам ұсталды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377