Сенбі, 23 Қараша 2024
3097 2 пікір 6 Қараша, 2021 сағат 12:25

Мәулен Әшімбаев Италия Парламенті Сенатының Төрағасымен келіссөздер жүргізді

Қазақстан Парламенті Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаев жұмыс сапарымен Италия Республикасына барды. Сапар аясында ол Италия Парламенті Сенатының Төрағасы Мария Элизабетта Альберти-Казелаттимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы парламентаралық байланысты нығайту мәселесін талқылады. Сондай-ақ екі елдің экономика, сауда, туризм, мәдениет және тағы басқа бағыттар бойынша ынтымақтастығын арттыруға ықпал етуде депутаттардың белсенді жұмысы маңызды екені сөз болды.

Мәулен Әшімбаев сенаторлардың еліміздегі бизнес-ахуалды жақсартуға арналған заңнамалық жұмысына тоқталып өтті. Осыған орай ол өңіраралық ынтымақтастық арқылы екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуді және бұл жұмысқа сенаторларды жұмылдыруды ұсынды.
«Өңіраралық ынтымақтастық арқылы Қазақстанның сауда-экономикалық байланыстарының әлеуетін арттыруға мүмкіндік бар. Қазақстан мен Италия Сенаттарындағы депутаттық құрамның өңірлік өкілдік сипатын ескере отырып, парламентшілердің білімі мен тәжірибесін екі елдің өңірлері арасында байланыс орнатуға жұмылдыруға болады деп есептейміз. Атап айтқанда, парламенттік делегациялардың сапарлары кезінде өңірлермен танысу және басқа да іс-шаралар қызығушылық тудыруы мүмкін», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сұхбат кезінде жасыл экономиканы дамыту және осы бағыттағы заң шығару тәжірибесімен алмасу мәселесі де сөз болды.

«Жасыл экономиканы дамыту Қазақстан үшін Мемлекет басшысы белгілеп берген басымдықтардың бірі. Бұл мәселе бойынша да біздің бірлесіп жұмыс істеуімізге зор мүмкіндік бар. Сондықтан энергиялық тұрғыдан тиімді, табиғи таза технологияларды енгізу ісінде италиялық серіктестермен ынтымақтастық орнатамыз деп үміттенеміз. Осы орайда қоршаған ортаны қорғауға және «жасыл» технологияны енгізуге қатысты құқықтық базаны жетілдіру мәселесінде Қазақстан мен Италия Парламенттері Сенаттарының тәжірибе алмасуына мүмкіндк мол», – деді Мәулен Әшімбаев.
Өз кезегінде Мария Элизабетта Альберти-Казелатти елдеріміз арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейі туралы айтты. Оның айтуынша, екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді шешу үшін парламентшілерді белсенді жұмылдырудың маңызы зор.

Одан бөлек, сұхбаттасушылар Қазақстан мен Италия Сенаттары арасында тұрақты диалогты жалғастыру екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңызды тетігі екенін айтты. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев екі елдің Палаталары арасында тұрақты жұмыс істейтін консультация тетігін құру мәселесін қарастыруды ұсынды.

Сонымен қатар Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Италия Парламентіндегі «Қазақстан-Италия» парламенттік достық тобының өкілдерімен кездесті.

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377