Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3983 8 пікір 8 Қараша, 2021 сағат 16:26

ОДКБ-дан шыққан өзбектерден неге үлгі алмасқа?

АҚШ дипломатиялық каналдар арқылы Германияға жеткілікті қысым жасап жатқаны белгілі болды. Мәселе мынада - Германия "Солтүстік Ағым-2" газ құбырын сертификаттағысы келеді. Ал АҚШ бұған қарсы. Тіпті сенаторлардың бірі сертификаттау органдарының біріне санкция салуды ұсынды.

АҚШ тек қана Германия емес, сондай-ақ Брюссельге, Лондонға да Путиннің шантажына берілмей, бірлесіп қарсы тұруға шақырып келеді. Дегенмен де АҚШ әлі соңғы аргументтерін толық шығармаған сыңайлы, оған мына сөздер дәлел: "Егер Украинаның басынан бір тал шаш түсетін болса, яғни басып кіретін болсаңыздар, онда сертификат түгілі СА-2 газ құбырын ұмытуларыңызға тура келеді" - депті.

АҚШ-тың бұл дипломатиялық жұмыстары өз нәтижесін беріп келе жатқан сияқты. Путиннің өзі араласып Еуропаны газдан қысса да бәрібір олар Мәскеудің шантажына беріле қоймады. Ал сертификаттың ауылы алыстай түсетін реті бар. Тағы бір қызығы - Меркельдің көзапара Украина мүддесін сатып кеткендігі болды. Уашиңтонға барғанда СА-2 жөнінде жазбаша қолхат бере тұра оны іске қосуға ынталы болуы оның саясаткерлігіне біршама үлкен қара дақ түсіреді. Германия үшін тиімді болғанмен де монстрға қарсы Батыстық коалиция біртұтастығына салқынын тигізіп отыр.

Тағы да біреулер мұның бәрі бізге не керек, Қазақстанды айтайық деп шығады, ондайға үйренгенмін. Оқымай-ақ қой, өтіп кете бер деп те талай айтқанмын, сонда да табылады. Оларға тағы да айтарым - Кремль неғұрлым әлсіресе, тіпті ең дұрысы ыдыраса, ол біз үшін соғұрлым тиімді болмақ. Біздің тәуелсіздігімізге ең қауіпті жау солар ғана. Екінші қауіпті жау туралы да АҚШ жұмыстанып жатыр, ол жөнінде кейінірек айтармыз. Тек Байден сау болсын, оның командасы сау болсын. Бірақ... біреуге сеніп отыра бермей өзіміз де әрекет етуіміз керек қой. Ештеңеден қорықпай ОДКБ Келісімінен шығып кеткен өзбектерден үлгі алуға неге болмайды?

Қуаныш Еділхантегі

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415