Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
2484 0 пікір 10 Қараша, 2021 сағат 12:30

Бүгін Алматыға Pfizer жеткізіледі

Алматыға Pfizer вакцинасының бірінші партиясы 10 қарашада жеткізіледі деп күтілуде. Алматы әуежайының баспасөз қызметі алдын ала мәлімет бойынша, "қалаға Pfizer вакцинасының бірінші партиясы 19:45-те жеткізіледі деп күтілуде" деп хабарлады. Вакцина Qatar Airways ұшағымен жеткізіледі.

Pfizer бастапқыда 12 жастан асқан балаларға және жүкті әйелдерге салынбақ. Денсаулық сақтау министрлігі балалар мен жүкті әйелдерді екпеден өткізгеннен кейін осы препаратпен екпе алуға болатын басқа санаттағы азаматтарды да қарастырады.

Вакцинаны -60-90 градус температурада сақтау керек. Ерігеннен кейін ампулаларды 2-8 градус температурада сақтауға болады. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасын жеткізу 8-14 қараша аралығында жүзеге асырылатынын айтқан болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1342
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2916
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 995
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 927