Сенбі, 23 Қараша 2024
3083 5 пікір 11 Қараша, 2021 сағат 12:47

Мусин: Меморандум аясында жұмыстар жүргізіліп жатыр

11 қарашада журналистер сұрағына жауап берген Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ресейлік "Сбермен меморандумның күші жойылды" деген сыбысты растамады. Ол тек жобаны жүзеге асыру кезінде қазақстандық мамандардың рөлі артатынын жеткізді.

"Меморандум аясында қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр" деді министр.

"Цифрландыру жобасы" бойынша құрылған сарапшылар кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжан бір күн бұрын Facebook парақшасында ресейлік "Сбербанк Қазақстанды цифрландырумен айналыспайды, енді онымен тек қазақстандық ІТ мамандар ғана айналысады, үкімет ұстанымын түбегейлі өзгертті" деп жазған еді. Бұл қоғамда Қазақстан ресейлік "Сбермен жасасқан меморандумның күшін жойды" деген сыбыстың таралуына түрткі болған.

"Осы плафтормалық модельге көшуге жобалап айтқанда 500 млн доллар жұмсалады. Қазақстандық мамандар осы жобаның ең маңызды бөлігімен айналысады. Сол себепті барлық қаражат "Сберге" жұмсалады деп айтуға болмайды. Қомақты қаражат қазақстандық ІТ компанияларға жұмсалады. Платорфмалық модельге көшу бойынша қажетті инфрақұрылым, серверлік орталық Қазақстанда қалады. Ол ешқайда кетпейді", - деді министр.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443