Сенбі, 23 Қараша 2024
2244 4 пікір 16 Қараша, 2021 сағат 11:36

ҚФФ мемлекеттік қаржыландырудан бас тартты

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Франциямен өткен матчтың (0:8) нәтижесіне қатысты пікір білдірді. 

Айтхожин осы және алдыңғы жылы Қазақстан футбол федерациясына мемлекет бюджетінен 200 миллион теңге бөлінгенін, бұл қаражат түрлі ұлттық құрамаларды халықаралық жарыстарға – жастар (U17, U19), U21 жасөспірімдер, жасөспірімдер, жастар арасындағы оқу-жаттығу жиындары, Blind-Football (соқырларға арналған футбол), әйелдер, ұлттық, жағажай және футзал командаларын дайындауға және ұйымдастыруға жұмсалғанын айтты.

Оның айтуынша, келесі жылдан бастап Қазақстан футбол федерациясы мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдар есебінен қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Ұйым УЕФА-дан түскен қаражат есебінен, сондай-ақ демеушілік ақшаны тарту есебінен қаржыландырылады.

"Сондықтан ұлттық құраманың сәтсіздігінен кейін өзін жарнамалағысы келетін сыншылар мен популистерге айтарым: тым болмаса мәселенің мәнін түсінуге тырысыңыз, бос сөз айтпас бұрын мән-жайды зерттеңіз. Біздің елде футбол әрқашан болған және өмір сүретін болады. Бұл миллиондаған адамдар өмір сүретін бірінші спорт түрі екені сөзсіз. Әрине, оны жаңа деңгейге көтеру үшін жылдар мен шынайы қолдау қажет. Ұлттық құрама жеңіске жеткенде, кешегі осы жігіттерді сонша жамандағаныңды ұмытып, үнемі қолдадым дейсің. Сондықтан, жеңілген күндерінде де, жеңіске жеткен күндері де әрқашан командамен бірге болу керек", - деді ҚФФ Бас хатшысы.

Abai.kz

 

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504