Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5213 0 пікір 30 Шілде, 2012 сағат 12:30

Ақкенттегі атыс

Алматыдағы Райымбек даңғылы бойындағы Алатау ауданына қарасты Ақселкент тұрғын үй кешенінде қарулы қақтығыс болып жатқаны жөнінде ақпарат агенттіктері хабар таратып жатыр.

Әуелде, шілденің 28-і күні қызмет бабындағы екі полицей күдік туғызған автомашинаны байқап қалады да, тексеру үшін машинаның жанына барғанда қос полицейге белгісіз біреулер оқ жаудырған. Полицейдің бірі сол жерде тіл тартпай қаза болған. Екіншісі ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Бұл Kazakhstan Today агенттігі таратыпты. «Азаттық» радиосы қаза болған полицейдің аға лейтенант Ержан Қайрақбаев, ал, хәл үстінде жатқан лейтенант Ерназ Қожахметов есімді полицей екенін жазады.

Ал, бүгін Ақселкентте полиция мен белгісіз топ арасында қақтығыс орын алды.  «Ахселькент ықшам ауданының тұрғындары Азаттық тілшісіне полиция қоршаған үйде сырт келбеті дін ұстайтын адамдарға ұқсайтындардың көп тұратынын айтқан. Аула сыпырушының сөзіне қарағанда, күнде таңертең осы үйден бір топ, сақал қойып, тақия киген адам шығып, спорттық жаттығулар жасайды», деп жазады «Азаттық» радиосы.

Nur.kz сайты оқиға куәгерінің сөзіне сілтеме жасай отырып: «Отыз шақты жарылыстың даусы естілді. Қақтығыс 37-нші үйдің 4-нші қабатында болды», деп хабарлай келе,  полицейлерге қарсы оқ атқандарды ұстау арнайы операциясы аяқталғанын және полицейлердің айтуына қарағанда, күдіктілердің барлығын мергендер атып түсірген.

Әзірге, ресми орындар бұл оқиғаға қатысты ешқандай мәлімет таратқан жоқ.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036