Жексенбі, 20 Сәуір 2025
3869 1 пікір 16 Қараша, 2021 сағат 16:56

Ресей Қазақстан тауарларын шекарадан өткізбеді

Қазақстанмен шекаралас Новосібір облысындағы «Карасук» фитосанитарлық бақылау бекетінде  карантиндік талаптар бойынша рұқсат етілмейтін 281,5 тонна өнімді Ресейге өткізбекші болған көлік тоқтатылды. Бұл жағдайды 8-14 қараша аралығында Ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералды қызмет өкілдері хабарлаған.

Өзбекстан Республикасынан шыққан құрма, жүзім, аршылған жержаңғақ сияқты өнімдердің фитосанитарлық сертификаты болмағандықтан жүкті алып кіруге тиым салған.

Қараша айының басынан бері Орынбор арқылы Қазақстан және Қырғызстаннан шығарылған фитосанитариялық қаупі жоғары деп саналатын карантиндік шектеу қойылған өнімдерді 12 рет заңсыз алып кіру әрекеті тіркелген.

Қазақстаннан 21,28 тонна күріш пен піскен помело, 123,49 тонна бұрыш, құрма, жаңғақтар мен кепкен жемістер жарамсыз фитосанитарлық сертификатпен Ресей аумағына кірген. Ал, күріш дақылының сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын таңба да, құжат та болмаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2061
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4924
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4124