Дүйсенбі, 30 Наурыз 2020
Жаңалықтар 1675 0 пікір 19 Шілде, 2012 сағат 09:58

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫС сексеннің сеңгіріне шықты

Шығыс Қазақстан облысы құрылғандығының 80 жылдығын атап өтіп жатыр. Шілденің 25-і күні атаулы мерекеге орай және қала тұрғындарының демалыс күндерін өзіндік ерекшелікпен атап өту мақсатында Семей шаһарының бірнеше демалыс орындарында концерттік қойылымдар ұсынылды. Цементшілер кентіндегі «Көктем» сауда үйінің алды да дәл осы мерекелік сенбінің сәні болды. Қалалық мәдениет сарайының шығармашылық ұжымы кеш қарая серуенге шыққан қалалықтардың қошеметіне бөленді деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысындағы тілшіміз .

-Біз бір сенбімен тоқтап қалмаймыз. Облыстың 80 жылдығын атап өту аясында әр сенбі қалалықтардың көңілін көтеруге, тамаша мәдени көңіл-күй сыйлауға өнер ұжымының ықыласы зор. Семей - өнердің киесін білетін өңір. Серуен құрған жас-кәрінің барлығы қошемет көрсетіп, қол соғып кетеді, - дейді Семей қалалық мәдениет сарайы директорының орынбасары Болатхан Айтмұхаметов.

Дәл осы күні қаламыздың сол  жағалауында орналасқан Әуезов алаңынан да кешқұрым уақытта ән мен күй әуелете көтеріліп, көз қызықтырған әсем би көрініс тапты. Алаңға серуендеп келген қала тұрғындары Шақаман ауылдық округі өнерпаздарының концертін тамашалады. Көркемдік жетекші Қайыртай  Ахмышев бастаған ауыл таланттары қолдан келген өнерін нақышына келтіре орындаудан аянған жоқ.  Ақерке Ахмышева орындаған «Көзіңнің мөлдірін-ай», Әлия Зәкирова әуелеткен «Сарыжайлау» әндеріне көпшілік зор ықыласпен қол соқты. Сондай-ақ ауыл жастарын биге баулып жүрген Гүлжан Төлемісова бастаған қыздардың орындауындағы бидің де концерт көркін қыздыра түскені анық. Осындай ән мерекесі қаланың оң жағалауында орталық саябақ пен тері зауыты маңайында да өтті.

«Абай-ақпарат»

0 пікір