«Қазақтарға олимпиадалық форманың не керегі бар?»
Ресейлік әріптестерінің бірі Құралай Нұрқаділоваға дәл осындай сұрақ қойыпты. Бұндай қыжыртпа сауалға бұғып қалатын қазақ жоқ қазір. Құралай жұлып алғандай етіп: «Неге керек болмасын? Керек. Біз - өз тілі, өз менталитеті, өз мәдениеті бар Тәуелсіз елміз» , - деп жауап беріпті.
(Әрі қарай дизайнер Құралай Нұрқаділованың «Nur.kz» cайтына берген сұхбатын ықшамдап бергенді жөн көрдік).
- Американдықтар олимпиадалық форманы Қытайда тіккізді. Бәлкім, бізде Қытайда тіккізгеніміз дұрыс болар ма еді?
- Білесіз бе, маған жақында Ресейден хабарласып, «Bosco тұрғанда қазақтарға ұлттық нақышы бар киімінің керегі не?» деп сұрады.
- Сонымен не айтқысы келді?
- Олар қазақтар қызыл және ақ түсті, арқасында «Россия» деген жазуы бар Bosco киюі қажет дегенді айтқысы келді.
- Біздің олармен қандай қатысымыз бар?

- Мен де оларға соны айттым. Бірақ олар түсінбейді. Мұның себебі, біз интернетте «бізге бұл форма керек жоқ» деп жазсақ, әлемдік қауымдастықта мұны түсінбейді. Біз өзімізді және өз дүниелерімізді құрметтемейміз. Сондай-ақ, интернетке көпшілік іркіліссіз кіре алатынын, оқи алатынын назардан тыс қалдырып жатамыз. Әуелі нені, қайда жазу керектігін ойлау қажет. Сосын олар «Қазақтарға олимпиадалық форманың не керегі бар?» - деп шығады.
Мен оларға: «Біз - өз тілі, өз менталитеті, өз мәдениеті бар Тәуелсіз елміз. Ал, сіз ондай форма керек пе дейсіз. Күлкімді келтірмеңіз. Әрине, керек» деп дәлелмен түсіндірдім.
«Абай-ақпарат»