Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4190 0 пікір 2 Тамыз, 2012 сағат 09:35

Сәкен Алдашбаев. Бейіт басындағы мылтық дауысы. Ол кімге керек?

Кеше кешкі жаңалықтардан Алматыда болған қақтығыстар кезінде Түрксіб ауданындағы «Боран-170» патрульді экипажының мүшесі аға лейтенант Ержан Қайрақбаев пен оның серігі Ерназ Қожахметовті қызметтестері соңғы сапарға шығарып салып, жерлеп жатқанын көрсетті. Халық-ананың арыстарынан айырылып, қапы қалғаны кімге болса да оңай тиген жоқ.  Сондықтан ел тыныштығы үшін қыршын кеткен қос сақшыны қалай ұлықтаса да артық болмас. Алайда, елі үшін оққа ұшқан жандарды жерлеу кезінде бейіт басында мылтық ату дәстүрі көңілге қоныңқырамай қалды.

Әрине, бейіт басында мылтық ату дәстүрі бірінші  рет жасалып тұрған жоқ. Кеңес Үкіметінің көзі ретінде белгілі адамдарды, қаза тапқан сарбаздар мен сақшыларды жерлеу кезінде қолданылып келеді. Әскери қызметкерлердің айтуынша, бұл Заңды міндет емес, салтанатты шара ғана екен. Демек, мұны орындамаса да болады деген сөз.  Ондада өзге емес, мұсылман бауырларымыз жатқан зияраттың басын дүрсілдетпесе ешкімнің ештеңесі кетпейді екен.

Мәңгі ұйқыдағы адамдардың рухын мазалап, тыныш қауымды сыйламаудың зардабын сонау Кеңес Үкіметі кезінен көріп келеміз. Соның бірі Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Ақжар ауылы жанында жатқан Ораз ахун кесенесі үстінен салынбақ болған жолға байланысты бір жайт еді. Үлкен асфальтты тура тартамыз деген дінсіздер ахун бейітін бұзып жібермек болып бірнеше рет оқталады. Алайда адам жазымы, көліктің себепсіз сынуы қайталана береді. Сөйтіп бұл райларынан қайтып, жолды ахун бейітін айналып өтетін етіп қойды. Қазір сол жерді қанша жөндесе де, көліктер әдейі жай жүру үшін жасалғандай толқынданып кетіп отырады. Және ол тұстан жоғары жылдамдықпен өтпек болған, не ішімдік ішіп көлік басқарған талай көлік иесі аударылды. Мұны сол жердің ақсақалдары «бұл Алланың  күші. Бейіттің жанынан өткенде көлікті жай айдаңдар, тіпті тоқтап өтіңдер» деп ескертіп жатады. Жалпы қазақта бейіттің қасынан өткенде атынан түсіп жаяу жүретін болған. Молалар арасында қатты дауыс көтеріп, жүгіріп, ретсіз тарсыл-тұрсыл жасамаған.

Жиһат соғысында қаза тапқан шейіттерді құрметтеген Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да садақ аттырып, қылыш соқтырып не басқа да дауыстар шығармаған. Сондықтан біз сарбаздар қазасы кезінде бейіт басында мылтық атуды тоқтату керекпіз деп ойлаймын. Елін қорғап қаза тапқан батырларымызды ата салт, ұлы дініміздің жолымен ұлықтасақ та жеткілікті.

Бұл жөнінде діни сауаты терең адамдар түсініктеме бере жатар. Егер мұсылман моласы басында мылтық ату діни ұстанымызға келіңкіремейтін болса, бас муфти Әбсаттар қажы Дербесәлі мырза бұған тосқауыл бола алады деп сенім артамыз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5276