Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 3260 9 пікір 22 Қараша, 2021 сағат 13:05

Аңқау елге...АЭС

Соңғы кезде Қазақстанда электр қуатын пайдалану күрт өсіп кетті, оның дефициті пайда болып жатыр деген ақпарат әр жақтан естіліп, жазылып, құлаққа құйылып жатыр. Майнерлер кінәлі деді ме, Екібастұз ГРЭС-інде апаттық жөндеу болады деді ме, басқа деді ме, әйтеуір, негізгі ой: қосымша электр қуатын өндіру үшін бізге міндетті түрде АЭС керек-мыс. Оны салмай проблема шешілмейді-мыс.

Өз басым мұндай ақпараттық технологияны "АЭС-ті салмасақ, болмайды" деген пікірді қоғамдық санаға сіңдірудің бір тәсілі деп білемін.
Әйтпесе, жер қойнауындағы соншама мұнай, газ, көмір қоры халқының саны 19 миллион ғана елдің экономикасын қамтамасыз ете алмайды дегенге сенбеймін!

Кешегі күні президенттің іс жүзінде ресейлік АЭС-ты қолдап сөз сөйлеуіне қарағанда, біздің билік Кремльге бір уәде беріп қойған секілді әсер қалдырғаны да рас...

Әміржан Қосан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616